Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қаржы полициясы Табиғи монопллияларды реттеу агенттігінің төрағасын ұстады»

2014 жылғы 1 шілдеде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.Оспановты ұстады.

Оған табиғи монополиялар субъектісіне көмек және қамқорлық жасағаны үшін 200 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдік тағылуда.

Оспановқа қатысты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

0
0
193

Осы тақырып бойынша

«Қаржы полициясы Табиғи монопллияларды реттеу агенттігінің төрағасын ұстады» - Yvision.kz