Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Біз «MegalineHitOptima» бойынша ішкі ресурстарға жылдамдықты арттырдық

Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытуды ынталандыру мақсатында, біз екі есе 2 Мбит/с бастап 4 Мбит/с дейін, абоненттік төлемді арттырмай «MegalineHitOptima» тарифтік жоспары бойынша ішкі ресурстарға қатынауға жылдамдықты арттырдық.

Интернет желісіне қатынау қызметінің техникалық сипаттамасын жақсарту бойынша жоспар аясында, «Қазақтелеком» АҚ ағымдағы жылда «Турбо-жылдамдық» және «Ата-ана бақылауы» жаңа сервистерін іске қосуды жоспарлап отыр.

«Турбо-жылдамдық» «iDNetHit/Turbo» тарифтік жоспары бойынша Интернет желісіне қатынау қызметінің 100 Мбит/c дейін сыртқы және ішкі ресурстарға Интернетке қатынау жылдамдығын арттыруды қарастыратын қосымша сервисі болып табылады.

Megaline/iDNet сызбасының тарифтік жоспарына қосымша қызмет - «Ата-ана бақылауы» - қалаусыз контентті сүзгіден өткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді және дербес компьютерлер, ноутбуктар, планшеттер және смартфондар сияқты құрылғылардан Интернет желісіне қауіпсіз қатынауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ 2014 жылы абоненттік төлемді өзгертусіз «MegalineStart» тарифтік жоспары бойынша жылдамдықты және кіріс трафигі көлемінің шектік мағынасын арттыру және заңды тұлғалар үшін лимитсіз тарифтік жоспарлардың жаңа параметрлерін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, ағымдағы жылдың IV тоқсанында байланыс операторлары үшін Интернет желісіне қатынау қызметінің құнын 10% төмендетуді, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ желісіне тіркелген байланыстың басқа операторларын қосу қызметін 5% төмендету жоспарланып отыр.

   
0
0
399