Әдебиет порталының «Менің анам, менің әкем» жобасына жазылды
Менің әкем - үлкен әулеттің - «патшасы». Айтқаны екі етілмейтін, заң дерсіз. Оны сондай дәрежеге көтерген сөз жоқ, МЕНІҢ АНАМ деп ойлаймын. «Ұл тәрбиелегің келсе, әкесін патшадай сыйла» деген қағида екенін кейін түсіндім. Сол анамның арқасында азамат, ер адам ретінде отбасының, қоғамның алдындағы жауапкершілікті сезініп өстік. Ол кісі - саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнап келе жатқан тәжірибелі мұғалім. Үлкен психолог болған соң ба, ес білгелі маған дауыс көтеріп көрген емес. Тіл маманы болғаннан кейін шығар, сынды, басымдағы кемшілігімді астарлап, әдеби шығармалардағы мысалдармен жеткізетін. Әңгіменің майын тамызады. Өзінің басынан өткен қарапайым оқиғаларды бейне бір шығарма оқығандай етіп жеткізудің шебері. Демалыста үйге бара қалсам, ас үйге тамақ ішу үшін ғана кіретін мен «мама, тәтт…


