Мазмұнға өту

Жаңа

Ағымдағы жылдың 11–13 тамызында Алматыда қала Әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның қала құрылысшылары одағы «Жасыл Академия» ҒБО-мен бірлесіп, «Қазақстан Республикасындағы „жасыл“ қала құрылысының басымдықтары» «Қазақстан-2014» XII қала құрылысшылары..

Форум аясында ҚР-ның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдамасын ойдағыдай іске асыру және ЭКСПО–2017 дайындық мақсатында «жасыл» құрылыс бойынша үшкүндік семинар-тренингі өтеді. Бұл ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған екінші семинар. Семинардың мақсаты – отандық құрылыс компанияларының «жасыл» экономика әдіснамасы және BREЕAM мен LEED халықаралық «жасыл» стандарттарын оқыту саласындағы әлеуетін арттыру. Оқу бағдарламасы «жасыл» принциптерді құрылыс саласына енгізу, экологиялық ғимараттардың ерекшеліктері, BREЕAM (Ұлыбритания) және LEED (АҚШ) халықаралық «жасыл» стандарттардың негізгі өлшемдері мен талаптары, осы стандарттар бойынша ғимараттарды бағалау мәселелерін қамтиды. Тренерлер ретінде CBRE (Ұлыбритания) компаниясының сарапшыл…

0
0
362

Қарағанды облысында браконьерлерді ұстау кезінде полицей зардап шекті.

Қарағанды облысында браконьерлерді ұстау кезінде полицей зардап шекті. «ҚазАқпарат», 15.07.2014ж. Жаңаарқа ауданында табиғатты қорғау полициясының және «Охотзоопром» РМҚК инспекторлары ақбөкенді атқан браконьерлердің ізіне түсті. Салдарынан бір полицей зардап шекті. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Рейд жүргізу кезінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Жаңаарқа ауданындағы «Охотзоопром» РМҚК инспекторларымен бірлесіп, Ақтайлақ ауылынан 5 шақырымдай жерде ақбөкенді заңсыз аулау фактісін анықтады. «Иж-Планета» маркалы мотоциклдегі браконьерлер полицейлерден бой тасалауға әрекеттенген. Полицейлерден жасырынған олар қарулары мен ақбөкеннің етін далаға лақтырып кеткен. Күдіктілердің артынан қуған кезде көлік аударылған. Дегенмен полицей қолы сынса да к…

0
0
291

Жанұя туралы өз ойым

Жанұя тек қана ері мен әйелінен тұрмайды. Ол жан ұяның ішкі және сыртқы мүшелері болады және сол жанұяның мәселелеріне (проблемаларына) солардың бәрінің де тікелей,болмаса жанама араласу құқығы бар.Олар,ішкі мүшелер ата-ана,ұл-қыздары және сыртқы мүшелері әкенің ата-анасы мен туған -туыстары,шешенің ата -анасы мен олардың туған туыстары.Бұл енді үлкен бір қауымға айналып кетеді,олардың бәрінің ой — пікірлері бір жерден шыға беруі үлкен кездейсоқтық болар еді.Міне осы жерде өгізді де өлтірмей,арбаны да сындырмай алып шығу салмағы отбасына,яғни әкенің ақылына,айбатына,шындап айтсам жынына да байланысты.Егер әке жалтақ,ынжық,ездеу болса онда бәрі би болады,бітті деген сол.Өкінішке орай бізде қәзір көбіміз сондай әкелерміз.Себебі казіргі әкелердің көбісі әкесіз,ана тәрбиесін ғана көріп өскен,…

0
2
1541

Жыр жүйрігі – Төлеген Айбергенов

Жыр алыбы Төлеген Айбергенов өлеңдерін басынан аяғына дейін және аяғынан басына дейін жаттап алатын қабілеті болған. Және басқа ақындардан тағы бір ерекшелігі – өлеңдерінің құрылысы. Қазақ өлеңдері көбінесе 7, 8 және 11 буынды болып келсе, Төлеген 18-19 буынды өлеңдер жазған. Сөйтіп, ол қазақ әдебиетіндегі өлең құрылысына да жаңалық әкелген ақын болып саналады.

Оның поэзиясы – жасампаздықтың жыры. Сондықтан да Төлегеннің жырларынан жауды жеңіп келген батырдың көңіл-күйіндей шаттық пен қуаныштың самалы соғады. Аз ғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне ғана тән табиғи даралықпен шебер бейнелеген дарынды суреткер. «Кітапхана» бағдарламасы Айбергенов әлемі мен шығармашылығына тоқталады.

0
0
2980

Жемқорлық көрiнiстерiн жоюда азаматтық қоғамды дамыта отырып, әр адамның өз тағдыры мен ел тағдырына деген жеке жауапкершiлiгiн арттыру

2014 жылғы 10 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары С.Х.Оразов, Ш.А.Өтемісов, В.В.Киянскийдің және үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, ұлттық мәдени орталықтардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жемқорлық көрiнiстерiн жоюда азаматтық қоғамды дамыта отырып, әр адамның өз тағдыры мен ел тағдырына деген жеке жауапкершiлiгiн арттыру» тақырыбында өткізілген семинар-кеңеске қатысты. Шараның негізгі мақсаты - азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сондай-ақ азаматтардың жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және құқықтық сана-сезім деңгейін арттыру. Батыс Қазақстан облысының қарж…

0
0
321

ӘЧ-2014-ФИНАЛ: Германия әлем чемпионы атанды

Германия әлем чемпионы атанды

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының финалында Германия Аргентина құрамасын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрiп, бiрiншiлiктiң бас бәйгесiн қанжығаға iлдi.

Матчтың негiзгi уақытында қарсыластар белсендi ойын көрсеткенiмен, есеп аша алмай, кездесудi экстратаймға ойыстыруға мәжбүр болды. Қосымша кезеңнiң екiншi экстратаймында (113-ші минут) ұтымды пасты қабылдай бiлген Марио Гетце аргентиналықтардың қақпасына жеңiстi гол енгiзiп кеттi.

Осылайша, Германия 2014 жылғы әлем чемпионатының жеңiмпазы атанып, өз тарихында төртiншi рет Кубоктi қанжығаға байлады. Аргентина — күмiс жүлдегер.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев

0
0
266

Бокстан Қазақстан құрама командасы Президент Кубогын жеңіп алды

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокстан ересектер арасында өткен «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» IV Халықаралық турнирінің финалдық кездесулерінде Қазақстан құрама командасы 7 алтын, 4 күміс және 6 қола медальге қол жеткізіп, командалық есепте турнир жеңімпазы атанды. Финалдық кездесулердің шымылдығын 49 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылар ашты. Біржан Жақыпов пен өзбекстандық Хасанбай Дусматов арасындағы жекпе-жек аса тартысты өтті. Алғашқы екі раунда жақсы өнер көрсеткен Біржан Жақыповтың үшінші раундта шаршаңқырап қалғаны байқалды. Бірақ соған қарамастан 2013 жылғы әлем чемпионы жігерін жанып, кездесуді өз пайдасына шешті. Есеп 2:1. Біржан бүгінгі жеңісімен турнирдің үш дүркін чемпионы атанды. 52 келі салмақ дәрежесінде филиппиндік Рэй Салудар өзбекстандық…

0
0
362

Лионель Месси — әлем чемпионатының үздiк футболшысы

Лионель Месси - әлем чемпионатының үздiк футболшысы
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2014 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздiк футболшысы атағына ие болды.

Айта кетейiк, Аргентина капитаны төрт мәрте әлемнiң ең үздiк футболшысы атанған болатын, дегенмен әлем бiрiншiлiгiнiң үздiк ойыншысы мәртебесiне тұңғыш рет қол жеткiзiп отыр.

Бразилияда өткен чемпионатта Лионель Месси 4 гол соққан болатын.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
394

Колумбиялық Хамес Родригес ең үздік шабуылшы атанды

Колумбиялық Хамес Родригес

Колумбия құрама командасының футболшысы Хамес Родригес 2014 жылы Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанып, «Алтын бутсы» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлады «ИТАР-ТАСС».

Колумбиялық ойыншы 23 жасында әлем чемпионатында 6 гол салған тарихтағы екінші футболшы атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке 1958 жылы 17 жасында даңқты Пеле жеткен болатын.

Еске сала кетейік, Колумбия құрама командасы Әлем чемпионатының 1/4 финалына дейін жетіп, Бразилиядан 2:1 есебімен ұтылған болатын.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
273