Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Альберто Контадор «Тур де Франстан» шығып қалды

Альберто Контадор

Ресейдің «Tinkoff-Saxo» велокомандасының капитаны Альберто Контадор «Тур де Франс» көпкүндігінің 10-шы кезеңінде жарыстан шығып қалды.

Контадор мәреге 95 шақырым қалған кезде құлап, оған медициналық көмек көрсетілді. Спортшы жәрдемді күтіп, уақытын жоғалтып алғандықтан ойыннан шығуға мәжбүр болды, деп хабарлады «Р-Спорт».

Тізесін таңып бергеннен кейін велошабандоз қатарға қайта қосылғанымен көп ұзамай жарыстан бас тартты.

Ол көш бастап бара жатқан алдыңғы топтан 4 минутқа қалып қойған болатын.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
211

Осы тақырып бойынша

Альберто Контадор «Тур де Франстан» шығып қалды - Yvision.kz