50 жасқа дейін әлемнің абсолютті чемпионы болғым келеді — Бернард Хопкинс
Жартылай ауыр салмақта IBF и WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы, 49 жастағы америкалық боксшы Бернард Хопкинс келесі екі нұсқаның чемпиондарымен кездесуге дайын екендігін жеткізді.
Олар — WBC чемпионы Адонис Стивенсон мен WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалев.
«Мен келісімшартқа бірінші болып қол қойғанымен шығамын. Мен осы екі жігіттің бірімен жекпе-жекке шыққым келеді. Арманым биылғы жылдың соңына дейін әлемнің абсолютті чемпионы болу», — деді Хопкинс RingTV порталына берген сұхбатында.
Айта кетелік, Бернард Хопкинс 2015 жылдың 15 қаңтарында 50 жасқа толады.
Ол биыл 20 сәуірде WBA чемпионы 30 жастағы қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовты жеңіп, IBF нұсқасына осы WBA нұсқасын да қосып алған болатын.
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Жаппарберген Айбота

