Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстың алдын алу — Жамбыл облысының Қаржы полициясы органдары қызметінің басым бағыты

Қылмыстардың алдын алу, оларға жол бермеу,  залал келтіргенге дейін бастапқы кезеңінде жою - қаржы полициясы органдарының алдында тұрған басты міндеттерінің бірі.

Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Р.Т.Түсіпбеков қылмыстардың алдын алуды қаржы полициясы қызметінің басым бағыты ретінде белгіледі.

Жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғам маңызды рөл атқарады, өйткені қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижесіз болады. Басты талаптың нәтижелігі -  жемқорлықпен күресу барысында қоғам мен құқық қорғау органдарының арасында серіктестік және сенімді қарым - қатынас орнату болып табылады.

«Қорықпа, қорғаушың жаныңда» атты акция аясында Жамбыл облысының Қаржы полициясы департаментімен Табиғи монополияларды реттеу департаментінде профилактикалық дәріс өткізілді, яғни онда қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мен тәрбилеуге оңды әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы роликтер мен лауазымды тұлғаларды пара алу үстінде ұстау бойынша бейнематериалдар көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқық бұзушылық жасаған үшін шет мемлекеттердің тәжірибесіндегі қылмыстық жауапкершілік бойынша мысалдар келтіріп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты баяндамамен Жамбыл облысының Қаржы полициясы департаментінің Ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы М.Байдалиев сөз сөйледі.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қаржы полициясы қызметкерлерімен Департаментте «144» сенім телефоны бар екендігін, яғни әрбір азамат оған белгілі сыбайлас жемқорлық. құқық бұзушылық пен қылмыс туралы хабарлауына болатындығын, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресуде белсенділік танықтан азаматтар марапатталатынын баса айтып өтті.

0
0
1097

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстың алдын алу — Жамбыл облысының Қаржы полициясы органдары қызметінің басым бағыты - Yvision.kz