Мазмұнға өту
tusupbekuly

Жаркын Жумадилов

@tusupbekuly

Сайтта 2014 ж. 6 маусымКазахстан, Астана

Реалист

рейтинг

100

жазбалар

11

пікірлер

0

тіркелуші

7

жазылымдар

20

Тамыздың соңғы декадасы!

Жаздың соңғы декадасын жайлауымда өткізіп келдім. Әкемнің "Мыңбұлақ-Т" деп аталатын шаруашылығы қыстың қамын жаз ойлап жатыр екен. Кішкене қолғабыс жасап қайттық. Ұзындығы 30 м, биіктігі 5метр болатын мая тұрғызуға көмектестім...

aLeOqVUN0jwhnd91qYUdZB2Z5ClI34.jpgz3qHvNdrpj2ne8TYDz270eu6447m6I.jpg
k0B3cj68n8Xu1RvHA0kMk8u7VAl1BD.jpg31dGG6rYzRFrD1KV9SenbpM3aYbuxM.jpgBpncb7O29pN1PkC7pVDACot9JfhYcK.jpgeA62Nfpo4tJFcrhyyYc55aGMa48xOL.jpgf2BkGdQDDDB23iTeQLEV8MhPcEUP9V.jpgЖұмыс кестесі - 7-00 мен 20-00 арасы. Нағыз жігіттер ғана шыдайды. Алғашқы күні мұрыннан қан кетті) Күн жауында шөп тасу мүмкін емес, қи жинадық)
Айтпақшы жайлау жақта түйе пайда болыпты.
QcUP0wrAa7tGdTCJ8whYeG50m6DBYt.jpg
ss5ZcO7YnVE4Ec0go6e1jl5I5M4koK.jpg
Жалпы демалыс өте жақсы өтті. Кім қалай демалды? Айта отырыңыздар.
3
1
1744

Саясаттанушы деген қандай маман?

Қоғамдық пікір айтқанның бәрін қазір саясаттанушы, саясаткер немесе қоғам қайраткері дейтін әдет пайда болыпты. Алдымен, журналистер сауатты болуы - шарт. Себебі, халықтың көзін ашатын да, басқа жерін ашып күлкіге қалдыратындар да журналистер. Сонымен, менің түсінігімдегі саясаттану туралы. Негізі "политология" ұғымын аударуға қарсымын. Неге? Өйткені ол "мемлекетті басқару туралы өнерді зерттейтін ғылым" дегенге келеді. Ал қазақта саясат түсінігі жалпылама. Отбасы ішіндегі саясат, көрші-қолаң мен ағайынға қатысты саясат дегендей. Бұл - бір. Екіншіден, осы ғылымнан атақ қорғағандарды "саясаттану ғылымдарының кандидаты/докторы". Ал доктор политических наук дегенді тікелей тәржімаласақ, саяси ғылымдар докторы болып шықпай ма? Хош... қысқасы осы саладан арнайы білімі барларды саясаттанушы деп…

0
0
3123

«Жақсылығыңыз Жаратушыдан қайтсын!»

Осыдан бірнеше күн бұрын "Қазақстан" арнасының кешкі жаңалықтарынан көрдік. Екі ұл тәрбиелеп отырған бізді бұл сюжет бей-жай қалдырмады. Астана қаласында жалғысбасты ана тұрады. Есімі - Зухра. Оның Ерасыл (4 жаста) және Еркін (3жаста) деген екі ұлы бар. Бірақ Ерасыл Қабанбайдай алып болмай қалды, Еркін де еркін жүре алмады... Тағдыры шығар, анадан аман-сау туған екі балақай да сал болып қалған. Зухраның айтуынша, дәрігерлердің кінәсі. Екеуінің де диагнозы - "ДЦП двойная гемиплегия". Ұлдарының осы дертке шалдыққанын білген әке өз обасынан іргесін аулақ салған. Қазір Зухраға Пайғамбар жасынан асқан анасы көмектесіп отыр екен. "Тараз жақта да немерелім бар, қызымды жылатып қойып, жата алмадым" дейді кейуана. Жүрегі жұмсақ жандар көмектесіп тұратын көрінеді. Сал балаларға арналған арнайы орын…

0
0
1912

Әдебиет порталының «Менің анам, менің әкем» жобасына жазылды

Менің әкем - үлкен әулеттің - «патшасы». Айтқаны екі етілмейтін, заң дерсіз. Оны сондай дәрежеге көтерген сөз жоқ, МЕНІҢ АНАМ деп ойлаймын. «Ұл тәрбиелегің келсе, әкесін патшадай сыйла» деген қағида екенін кейін түсіндім. Сол анамның арқасында азамат, ер адам ретінде отбасының, қоғамның алдындағы жауапкершілікті сезініп өстік. Ол кісі - саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнап келе жатқан тәжірибелі мұғалім. Үлкен психолог болған соң ба, ес білгелі маған дауыс көтеріп көрген емес. Тіл маманы болғаннан кейін шығар, сынды, басымдағы кемшілігімді астарлап, әдеби шығармалардағы мысалдармен жеткізетін. Әңгіменің майын тамызады. Өзінің басынан өткен қарапайым оқиғаларды бейне бір шығарма оқығандай етіп жеткізудің шебері. Демалыста үйге бара қалсам, ас үйге тамақ ішу үшін ғана кіретін мен «мама, тәтт…

0
0
3115

Ұлттық музей көру арманым үш жылдан кейін орындалды

Мен америкалықтардың өзіне соншалықты сенімді ұлт екеніне қайран қалатынмын. Себебін сол елге барғанда жақсы түсіндім. Үш ғасырдан асатын ғана тарихы бар держава өзінің өткенін керемет әспеттейді. Әрбір штат жеке-дара заңмен өмір сүреді десек те сол әрбір штатында ұлттық орталықтар мен музейлер бар. "Ночь в Музее" фильмдері бір ғана музейде түсірілмеген. Соншалықты бай етіп көрінетіні де сондықтан. Мұны мен сол кинода кіре берісте тісі сақ-сақ етіп тұратын динозаврды өз көзіммен көрген адам ретінде жазып отырмын. Сол кезде бізде неге осындай құнды орталық жоқ деп ойланып кеткен едім. Тіпті, Башқұртстанның Уфада қал-қадырынша салып қойған ұлттық мұражайы бар. Бізде Ұлттық мұражай ашылды дегенді естігеннен уақыт болмап еді. Бір жағынан үйдегі мәдениеттанушының ауылдан келуін күттім. Сөйтіп…

0
0
1144

Астанаға келуім.

Алғаш астанаға келгенім есіме түсіп кетті. Он жыл Алматыда тұрғаннан кейін Астанадан жеткен ұсынысты бірден қабылдау оңай болған жоқ. Оның үстіне шақырып тұрған мемлекеттік мекеме емес, жекеменшік апталық газет. Сенім мен күдік арпалысып тұрғанда мен екеуін де таңдамадым... Тәуекелді таңдадым. 

MiYC68rasUbzMa44kavBYEmqNY10Oo.jpg
Себебі, сәл бөтендеу қалада жақын араласатын да, жақын туысың да болмағаны қиындау. Астана мейірімсіз қала деген шикікөзқарас басым. Керісінше, мен жылылықты осы қаладан таптым. Екінші ұлым Ұлағат осы жерде туды.
iF3WwHwNysNVSSD86cMC0dyMDZ8TIb.jpg
Дос та таптым, бауыр да кездестірдім. Саналы түрде тәуекелге барғаныма өкінбеймін. Қиындықтарды да болар болмас дүние деп шештім. 
L0gxUU7Ny6Hd5Z1fMO9LC04B2gIG34.jpg
Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әрбір отбасының шаңырағында тек қуаныштар болсын деймін! #astanaday2014
0
0
660

Журналистикаға қалай келдім?

Журналистикаға ерте қызықтым. Ол кезде қазіргідей журналистиканы оқыту керек/оқытпау керек деген талқылаулар жоқ. Журналист болу үшін өлең, әңгіме жазуың керек деген талаптар бар еді. (Негізі ол артықтау). Әдебиет пен журналистиканы шатастырмауымыз керек. 10-11 сыныпта ғайыптан тайып ақын немесе жазушы боп кетпейсің ғой… Сөйтіп, мен КазГУ-дың саясаттану мамандығына оқуға түстім.Шағын естелік:Оқуға түсе салысымен 1-курста Алматыны жаяу аралап кетеміз. Маған жаңа алаң, «Хабар» агенттігі жақ ерекше ұнайды. Сөйтіп жүргенде бір келіп тоқтады. Қарасақ, Айгүл Мукей түсіп келе жатыр. Дереу блоакнотымды алып автограф сұрадым және өмірі ұмытпайтын бір ақымақ сұрақ қойдым. «Апай, сіз нешедесіз?» дедім… Айгүл бетіме қарап, күліп жіберді.— Ал, сен нешедесің?-17демін.— Онда мен сенен тура он жас үлкен…

0
0
1500

Қызылордаға сапар

Қызылорда облысының әкімдігіне осыдан біраз уақыт бұрын өзім басқаратын www.saigez.kz саяси сайтының атынан шығып, блог-тур өткізу туралы ұсыныс жасаған едім. Сыр елінен қолдау тауып, Астанада жүрген блогерлердің ішінен 7 жігітті таңдап жолға шықтық. Жолға шыққаннан бұрын, өзім бір күн ерте кетіп қалған екенмін ғой) Өйткені 12-маусым жастармен кездесу, 13-і түске дейін Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті көшпелі отырсы өтті. Мүшесі ретінде қалмауға тырысамын. 18-көшпелі отырыс "Жасыл ел" қозғалысының жұмыстары туралы болды. Менің ұсынысым: 1) "Жасыл ел" қозғалысы жергілікті әкімшіліктермен кеңесіп отыруы қажет. Әйтпесе, Семей қаласында жастар жасағы отырғызған ағаштарға не "Жасыл ел", не әкімдік жауапты болмай, қурап қалған. 2) Экологиялық аймақтар Қызылорда, Сем…

0
0
539

Астананың «күн» түспейтін ауданы.

Астана қаласын Есіл ауданымен ғана өлшеуге болмайды. Оң жағалауда тоқалдан туғандай Алматы жəне Сарыарқа деген тағы екі аудан бар. Қала күні келе жатқанда əкімшілікке айтар датым бар! 1. Жалпылай сөйлесем ешкім құлақ аспас. Жалқыға көшейін. Сарыарқа ауданының мен тұратын Мəскеу көшесінің бас жағында нашақорлар көп. Қалшылдап, селкілдеп жүретіндерді айтпағанда, балалар ойнайтын алаңдардан кəдімгі инелер, шприцтерді тауып алу "Ақсүйек" ойнағаннан оңай. Құқық қорғау органдарының ат ізін салмайтындығын ескеріп, тəуліктік полиция бекетін ашуды ұсынамын, орындалмаса, талап ететін боламын. 2. Жол сапасы сын көтермейді. Жаяу адам желкесін үзетін ой-шұқыр көп. Оны жөндеуге әп-әдемі "Бəйтеректің" маңайы мен "Нұржол" бульварын қайта бұзып жасағаннан көп қаржы кетпейді. 3. Қоғамдық көлік атаулыдан #4…

0
0
669

Каспий толқынында

Каспий толқынында.

Осы аптада Ақтауға жолым түскен еді. Облыстың жағдайын www.saigez.kz деген жеке сайтымда облыс əкіміне жасаған саяси портрет барысында жазған болатынмын. Əлі де жерді көркейтіп, халықтың əл-ауқатын арттыруға мүмкіндік көп жер екен. "Сайгез сапарларынан" осындай есептер ұсынып тұратын боламын! Ал мынау əлеуметтік желіге сыймаған фотолар.
Айтпақшы, осы сапарымда түйені алғаш рет көрдім)

ifRo4x3rbRMx4n3ax983tlq8Dt5dBg.jpg
tPs9ifGP0Sqvl83isw7EJQ4sJDYvV1.jpg
4ReG14U8975guW11zW3w76v5aoueqD.jpgl942au7vAvz2va1d99E3vOYNUMgWAf.jpg

k6A53vTidgaf3PLinjM3mExMRp4gOh.jpgpw1EoxU090BkqwkoPcYuD2mPda4XYy.jpg

lj1Pry7Ll30769NsQ2bwXRDdX1mN8y.jpgDo7GJ4Q7Yb5w9Yh6kt5WEJdBK83Urd.jpgVVPh3q2Ai01kz2Pzxwu66AcEc9pEPC.jpgQPmY9yYt4d639ejEo9HKygvs0wfRkK.jpgSziMHgC5tDOebpfIaS0F5zi7MxN8hl.jpg

0
0
846