Мазмұнға өту

Жаңа

«Барыс» клубынан шын мықтыларға есе жiбермейтiн талай жастар шығады — Назаров

«Барыс» хоккей клубының бас бапкерi Андрей Назаров ресейлiк «Спорт Экспресс» интернет сайтына берген сұхбатында «Барыс» клубында шын мықтылардың өкшесiн басып келе жатқан қазіргі таңда әлі ешкiмге белгiсiз хас дарынды жастар шығатындығын мәлiмдедi. «ҚХЛ маусымында командадағы 25 ойыншының барлығы жоғары өнер көрсетедi деп үмiттенемiн. Негiзгi назар Игорь Калянин, Владимир Воробьев, Андрей Шаянов сынды жас хоккейшiлерге аударылады. «Барыстың» басқа бапкерлерi жас спортшыларға көңiл аударатын болады. Командада өте үлкен бәсекелестiк, барлығында келiсiмшарт бар. Бiрақ негiзгi құрамның өкшесiн басып келе жатқан жастар жетерлiк. Мысалы, спорттық тұрғыда қатал қорғаушы — Мадияр Ибрайбеков. Ол маған Дарюс Каспарайтистi еске салады, дегенмен ол дене iрiлiгi бойынша «Ганстан» асып түседi», — дейдi…

0
0
219

Астанада кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай командаларының жолдастық кездесуі өтеді

ҚР Дене шынықтыру және спорт істері агенттігі үстіміздегі жылдың 26 шілдесінде Астанада кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай командаларының жолдастық кездесуін өткізгелі отыр, деп хабарлады агенттік баспасөз қызметінен. Мақсат — екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, спорттық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу. Жастар арасында саламатты өмір салтын ұстануды, спортпен шұғылдануды насихаттау. 7 жекпе-жектен тұратын сайыста екі елдің ең үздік кикбоксшылары бақ сынайды. Дүбірлі додада Әлем кубогының жеңімпазы Ерсайын Қасамбаев, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бабыр Артықбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Шыңғысхан Тілемісов, Әлем кубогының қола жүлдегерлері Қанағат Нұрғалиев пен Артур Сауырбаев, Қазақстан чемпиондары Мерген Біләлов пен Асхат Жантұрсынов ел намысын қорғайды. Жарыс Астана…

0
0
243

Қытайда өткен жарыста қазақстандық көкпаршылар бас жүлдені жеңіп алды

Қытайда Іле-Қазақ автономиялы облысының құрылғанына 60 жыл толуына орай 12-17 шілде күндері ұйымдастырылған көкпар тойы тәмамдалды. Естеріңізге сала кетейік, жарыс Моңғолкүре ауданының Қарағанты жайлауында өткен болатын. Достық кездесуге Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан және жергілікті қазақтардың көкпар ойыншылары қатысты. Финалда елімізден шыққан құрама команда ҚХР командасымен сайысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Бас жүлдені жеңіп алған командаға ақшалай 50 мың юань табысталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы. «Үш күнге жалғасқан көкпарды тамашалауға 10 мыңнан астам көрермен жиналып, ыстық ықылас танытты. Халықтың мұндай қызығушылығы, бізді сөзсіз қуантты», — деп өз әсерлерімен бөлісті ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік ж…

0
0
541

Бразилия құрамасының бапкерлігіне Дунга қайта оралды

Футболдан Бразилия құрамасының жаңа бас бапкері болып команданың бұрынғы капитаны Дунга тағайындалды. Ол Әлем чемпионатында Бразилияның сәтсіз ойынынан кейін өткен аптада отставкаға кеткен Луис Фелипе Сколариді ауыстырады, деп жазады ВВС. Дунга Бразилия құрамасын 2006-2010 жылдар аралығында басқарған болатын, сондай-ақ 2013 жылы «Интернасьонал» клубының бапкері болды. Футболшы ретінде Дунга 1990,1994 және 1998 жылдардағы әлем чемпионаттарында ойнады. Еске сала кетейік, Сколари Бразилия құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне бір жарым жыл бұрын тағайындалған. Оның жетекшілігімен құрама 2013 жылы конфедерация кубогына ие болған. Ал 2014 жылғы ӘЧ-ның жартылай финалында Германиядан жеңіліп (1:7), қола үшін күресте Голландияға есе жіберді (0:3). Атап өтейік, Сколари басшылығымен Бразилия құр…

0
0
207

Әр суреті терең мағынаға ие Аңсаған Мұстафаның бейнелеу өнеріндегі орны

Тушьпен сурет салу – бейнелеу өнерінің ерекше бір түрі. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын ақ қағазға қара бояумен ғана әрлеп, оның көркем бейнесін жасайды. Осынау ғажап, терең мағыналы туындыларға куә боп, дизайнер әрі суретші Аңсаған Мұстафаның шығармашылығымен таныс болайық!

0
0
4758

Қызылордада ҚР ІІО қызметкерлері арасында шағын футболдан спартакиада басталды.


Қызылордада құқық қорғау органдары, күш және басқа да арнайы құрылымдар қызметкерлерінің арасында шағын футболдан ІІІ жазғы салалық спартакиада басталды.
Елімізде ішкі істер органдарының құрылғанына 22 жыл толуына арналған республикалық турнир «Динамо» спорт кешенінде 25 шілдеге дейін жалғасады. Оған ІІМ, ҰҚК, ТЖМ, ҚМ, ҚАЖК, ІІМ ішкі әскері, ҰҚК шекара қызметі, бас прокуратура, кедендік бақылау комитеті, қаржы полициясы, республикалық гвардия, президенттің күзет қызметі, ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командалары қатысады.
Спорттық бәсеке қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

0
0
400

Астанада онлайн бейнебақылаудың көмегімен 130-дан астам ереже бұзғандар анықталды.


Алты айдың ішінде «Тіршілік әрекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесімен» (ТКҚЖ) 138 ереже бұзушылық тіркелді. Соның ішінде 71 әкімшілік құқық бұзушылық және 28 жол-көлік оқиғасы бар.   
Айта кетейік, аталған жоба елордада қауіпсіздік деңгейі мен коммуналдық қызметтердің тиімді жұмысын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, ТКҚЖ Астанаға әлемнің дамыған «smart» қалаларының қатарына қосылуға мүмкіндік береді.

0
0
388

Байзақ батыр жайлы не білеміз?

Еліміздегі Жамбыл облысы, Байзақ ауданын білмейтін адам кемде-кем. Бірақ 1938 жылы іргетасы қаланып, 1996 жылға дейін Свердлов ауданы болып аталып келген ауданға есімі берілген батыр жайлы бүгінгі ұрпақтың білері бұлыңғыр. Деректерге сүйенсек Байзақ батыр Мәмбетұлы 1879 жылы қазіргі Тараз қаласының маңында, заманында Абылай ханның серігі болған, аты, аңызға айналған Мәмбет Құндасұлы батырдың отбасында өмірге келген екен. Мәмбет батырдың сегіз ұлының бірі болған. Байзақ батырдың кіндігінен он жеті ұл тараған. «Қанына тартпағанның қары сынсын» демекші батырдың шыққан тегі Ұлы жүздің, Дулат тайпасы, Шымыр руына жатады. Байзақ бала кезінен бастап, атбегілік пен құс салып, аң қағуды меңгерген. Шешен, ел басқарған беделді кісілер мен билердің жанында жүріп, айтқандарын құлағына құйып өссе керек…

1
0
4976

Шелли Мэрлидің романы және бас кейіпкері Виктор Франкенштейн

Шелли Мэрли (1797-1851) ағылшын жазушысы «Франкенштейн немесе заманауи Прометей» атты көркем-фантастикалық романын жазды. Жазушы туындысы 18 жасында дүниеге келген. XIX ғасырдағы жас әйел затында сирек кездестін білімді, дүниетанымды шығармасынан байқаймыз.Фантастиканың атасы Жюль Верннен (1828-1905) бұрын 1818 жылы фантастикалық романын бүркеншек атпен жарияланған. Жазушы өз атымен тек 1831 жылы романын жариялайды.Романға оралсақ. Жан және өмір (тірі денедегі) сөздері романда бір-бірін толықтыратын дара ұғымдар. Жан Жаратушы силаған сыйлық. Жан өмірге мән береді. Жансыз өмір? Өмір бар! (жан дүниесі жоқ тірі өлік, -зомби т.б. ойын-сауық киноларын көрсетіледі). Бірақ, адам қолыммен берілген өмір орынды ма? Адам өмірінде адамгершілік қасиетті тек жан анықтайды, оны тек Жаратушы береді. Бұны…

0
0
987

БҚО бойынша монополияға қарсы инспекция Сараптамалық кеңес құру мәселесі жөнінде кеңес өткізді

2014 жылғы 18 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция Инспекция жанынан Сараптамалық кеңес құру мәселесі жөнінде кеңес өткізді.
Кеңеске монополияға қарсы қызметтің ардагері М. А. Оразбаев және облыстың Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

0
0
348