Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай командаларының жолдастық кездесуі өтеді

Астанада кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай командаларының жолдастық кездесуі өтеді

ҚР Дене шынықтыру және спорт істері агенттігі үстіміздегі жылдың 26 шілдесінде Астанада кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай командаларының жолдастық кездесуін өткізгелі отыр, деп хабарлады агенттік баспасөз қызметінен.

Мақсат — екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, спорттық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу. Жастар арасында саламатты өмір салтын ұстануды, спортпен шұғылдануды насихаттау.

7 жекпе-жектен тұратын сайыста екі елдің ең үздік кикбоксшылары бақ сынайды.

Дүбірлі додада Әлем кубогының жеңімпазы Ерсайын Қасамбаев, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бабыр Артықбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Шыңғысхан Тілемісов, Әлем кубогының қола жүлдегерлері Қанағат Нұрғалиев пен Артур Сауырбаев, Қазақстан чемпиондары Мерген Біләлов пен Асхат Жантұрсынов ел намысын қорғайды.

Жарыс Астана қаласы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өтеді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
232

Осы тақырып бойынша