Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бразилия құрамасының бапкерлігіне Дунга қайта оралды

Дунга
Футболдан  Бразилия құрамасының жаңа бас бапкері болып команданың бұрынғы капитаны Дунга тағайындалды.

Ол Әлем чемпионатында Бразилияның сәтсіз ойынынан кейін өткен аптада отставкаға кеткен Луис Фелипе Сколариді ауыстырады, деп жазады ВВС.

Дунга Бразилия құрамасын 2006-2010 жылдар аралығында басқарған болатын, сондай-ақ 2013 жылы «Интернасьонал» клубының бапкері болды.

Футболшы ретінде Дунга 1990,1994 және 1998 жылдардағы әлем чемпионаттарында ойнады.

Еске сала кетейік, Сколари Бразилия құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне бір жарым жыл бұрын тағайындалған. Оның жетекшілігімен құрама 2013 жылы конфедерация кубогына ие болған. Ал 2014 жылғы ӘЧ-ның жартылай финалында Германиядан жеңіліп (1:7), қола үшін күресте Голландияға есе жіберді (0:3).

Атап өтейік, Сколари басшылығымен Бразилия құрамасы 2002 жылы әлем чемпионатында жеңіске жеткен.

АСТАНА. ҚазАқпарат -Автор: Руслан Ғаббасов
 
0
0
203

Осы тақырып бойынша

Бразилия құрамасының бапкерлігіне Дунга қайта оралды - Yvision.kz