Мазмұнға өту
yvision_user

Бақытжан Көпжасаров

@yvision_user

Сайтта 2012 ж. 1 маусымКазахстан, Усть-Каменогорск

...

рейтинг

100

жазбалар

40

пікірлер

55

тіркелуші

9

жазылымдар

21

Подезд алдына орындық орнаттық, гүл салдық. Бір жылда қоқыс жиналатын орынға айналды

Подъезд алдында темекі тартқан дұрыс па? Заң айтады дұрыс, -деп. Подъезде тұратын темекі тартатындар тарсада, терезеден алыстырақ барып тартады. Подъезд болып жиналып "есік алдымызға" орындық орнаттық, көзді қуантсын деп "гүл" салдық. Подъезде 15 пәтер бар, бір-бірімізді танимыз. Наурыз көжемізді бір-бірімізге тасимыз.Бір жыл карантинде болғанда кезектесіп жүріп, карантин талабын сақтап, подъезд алдын жөндедік.Бір ағамыз бар, темекі тарса өзімен бірге ыдыс ала шығады, темекінің тұқылын тастамақ тұрғы күлін жерге қағып түсірмейді. Барлығы ол ағамыздай емес.Енді подъез алдына орнатқан орындықты сындырып алуға үгіттеп жүрмін. Байқасам маңайдағы подъездер алдында аман қалған орындықтар аз екен. Неліктен аз болатынын түсіне бастадым. Сөйтсек. Біз подъезд алдын өзіміз үшін гүлдендірген жоқпыз.…

0
0
405

Саяхатқа шықтың дейік, жолшылай нені тамашалап көргің келеді?

-Қиын-Керішті!,- Табиғат ескерткіші. Географиялық орны. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан көлінің солтүстік жағы. -Неліктен Қиын-Керішті? -Бала кезде алыстағы ауылға үлкендер ертіп қонаққа апарған. Сонда бізді апарған жеңіл автокөлік өзгешелеу жер маңынан өте шыққаны есте қалыпты. Жуықта әңгімеден әңгіме шығып Қиын-Керіш жайлы ақпаратты интернеттен оқып шыққанға себепкер болды.Онда, оның көркін Марс планетасының пейзажына теңепті. Көк аспан Марс планетасында жоқ Балалық кезімдегі түйсік бұл теңеуден алшақ көріністі көз алдыма елестеткен. Күннің ыстығына шөп күйіп, иірмен кеуіп қаңбаққа айналған кез. Көкжиектің батыс тұсында үш-жаққа ажырап үлгермеген қалқыған бұлт, оның арғы жағында қызарып батуға шақ қалған күн. Содан болар бұлт қою қара. Көлбеу түскен күн сәулесі ойға батқан, алақанымен иег…

1
0
875

Көктем -парфюмерші

Көктемнің алғашқы жаңбыры себелеп жаптыда лезде басылды. Аспандағы жайлаған қою сұр бұлт салмағын жоғалтқанмен тарқамады. Тек жоғары көтеріліп астындағы кеңістікті кеңейтті. Жылыжайдағыдай ауа-райы орын алды. Ауаға „көктем„ атаулы хош иісті әтір бүркілгендей. Одан, жапырағы жайылып үлгермеген талдың бүршік қауыздарын біріктірген шайырдың және көк теректің бүршігінен қылтиған жасыл жапырақтың иісі сезілді.

0
0
492

Француз текті бикеш. Новелла

Жаңбыр астында тұрғанның өз мәнәсі бар шығар, бірақ, мына тұрысым өзіме жақпаны рас. Ойда жоқ жерден: -Кім боласыз?-деп сұрап қалса. -Жергілікті газеттің штаттан тыс фотографы боламын,-деп құтыламын. -Осы күнге дейін штаттан тыс фотографы болсаңыз негізгі табыс әкелетін жұмысыңыз не болғаны?, -деп ешкім сұрамапты. Осылайша негізгі жұмысым жайлы айтып, түсіндірмей-ақ «фотограф», «фототілші» атанып жүре беремін. Жасың үлкейген сайын, ойыңдағы сөзді емес, аузыңнан күткен сөзді шығаруға мәжбүрсің. Сондықтанда әңгіме айтқанда ғибраты сөзді қосасың. Жан-жаққа қарап көз қандырып, дүниенің көп бөлігін білдім-ау деген жасқа жетсеңде бірдеңе байқап, бағалап өткен-кеткенмен салыстырып жүресің. Бағана, автобуста келе жатқанда баланы байқап қалдым. Таныс біреудің баласы емес. Осы заманның қалада туып-…

0
0
1272

Фотокуә. Білім мейрамы

2004 ж. суреттің цифрлы көшірмесін сканерде жасағанда -қағаздағы суреттің түпнұсқасының элементтері құрама бөліктерге сапалы жіктеліпті. Сол кезде компьютер экранында суреттің ұсақ детальдері анық көрінді. Түстерді сәл өңдедім. Жалпы фотосуре туралы не білемін? 1927 ж түсірілген (сол тұста жасалған фотосурет дейік). Фотосуреттегі кімдер? Жауабы белгілі: -Мектеп алдында тұрған мұғалім(дер) және оқушылар. Алғашында, бірден назарыма түскен сурет элементті. Сол жақ жоғарғы жағында орналасқан араб графикасының негізінде жазылған жазу. Жазудың мазмұны қандай? 1900-1940 жылдың арасында қағаз бетінд тілді түсіруге кемінде үш әдіс қолданған. Бұған дейін осы жайтқа ешқандай мән бермеппін. Қолға нағыз фотоайғақ түсіпті. Яғни, 1927 жылдың төңірегінде тілді қағазға түсу үшін араб графикасы қолданған.…

2
0
999

Минск қаласына жолым түсті

Минск қайдасың? Ұшақ Минск әуежайына қонуға арналған маневрін жасауға даяр болғаны хабарланғанда орындықтағы сақтандыру белдемшесінің екі басын бел тұсымда қосып біріктірдім. Әуедегі төрт сағаттық жолым аяқталуға шақ қалды. Бұлттардан төмен түстік, таң атып қалған шақ, жер релефі анық көрінді. Иллюминатордан: -Минск қайдасың?, -дегендей үңіліп қарадым. Көрінбеді. Ұшағымыз қонатын әуежай орман алқабын текше тәрізді. Көп ұзамай Беларуссия жеріне аяғымыз тиіп, әуедегі жолымыз сәтті аяқталды. Ұшақтан түскен бойда арнайы автобусқа отырып әуежайдағы кедендік терминалына жеттік. Кеденнен өттік. Багаж алдық. Қалаға дейін 22 километр. Автобус орыннан қозғалды. Әуежайдан шыға сала ұшақ иллюминаторынан көрінген орманды тіліп өткен жолға түстік. Жеті-сегіз шақырымнан кейін орман аяқталды. Жолдың оң ж…

1
0
752

Кешіккен көктем, сағындырған жаз

-Әке, ұзақ құсы оңтүстіктен ұшып келгелі қанша күн болды?-Бір ай.Таудың беткейін жапқан қар сұр тартып, ауа қызған сайын еріп, суға айналып жан-жақтағы тоң топырақ бетін жұмсартып, тау үстін шаю үшін төккен судай ақты. Сай-саладағы жылғаларға жинақталып, шағын өзенге қосылып оның күз айындағы салқын салмағын, қыс айындағы шөлін, шілде айындағы жайбарақат ағысын көктемдегі тентек, табанды мінезіне айырбастады. Тасып аққан судың даңғыр-даңғыр, ду-ду дауысы айналаны толтырды.Күн ұзарды, түн қысқарды. Жазық беткейде, ойдымда, түн бетінде, жиналған судың беті қатпады. Ойдымдағы су сағат, күн санай иреңдеген, тебінген ұсақ-ірісі бар көгал жәндіктерінің дернәсілдеріне толды. Өйтпесе, көгал маса шіркейсіз, жорғалаған қоңыз, иреңдеген құртсыз иесіз қалар ма?Сабағы жіңішке, қылтаң жас шөпті қара то…

0
0
881

Көк түсті Роза

Қыстың басы. Бірінші қар түсіп, еріп күн қайта суытқан кез. Қара суықта Күн жоғары көтерілмей қатпар-қатпар сұр бұлтты қас етіп түйіп алыпты.
Кеш гүлдеген гүл күнге қарапты. Күннен жылу сұрапты. Бүріскен жапырақтары жайылмайды, солып, кеуіп сынғалы тұр.
-Аяшы күн мені, жылуыңды бер!
Күн гүлдің жалбырынғанын естігенімен жыл мезгілін ескеріп жауап бермепті.


P.S.: Табиғаттың жаратқанында көк түсті роза гүлі болмайды. Қыста гүл гүлдемейді. Әр істің өз кезегі, мезгілі бар.

0
0
619

Кино көріп үйренуге үш қадам. Киберпанк жанры, «Матрица» кинобаянның үштігі жайлы

Бірінші қадам. Көбінде киножанр әдеби жанрмен анықталады. Кейде киносын көрмей жатып әдеби нұсқасын оқуға кеңес беріледі. Кеңеске жүгініп, киберпанк жанрындағы жазылған әңгімені оқи бастадым. Рецензиясында ең танымалы делінген. Танымалы болса да, маған жақпады ма, аяғына дейін оқып тауыспадым. Қайдағы бір қараңғы, бүлікке толы заман сипатталады. Бас кейіпкер заңға қарама-қайшы немесе заң бұзылатындай шекте қимылдайды. Сонда жанрдың қызығы неде? Аяғына дейін қызығын күтіп оқи түсуім қажет пе еді?Танымал дегені көпшілік оқырман мазмұнын ұнатқанында болар. Неге жанрды қабылдамадым? Сондықтан жанрды түсінуге екінші рет бел байладым.Екінші қадам. Осы жанрға қатысы бар-ау деген киноны қарап көрдім. Әдеби және кино нұсқасында жанр өзін қалай ашатынын салыстырмақшымын. Кинода баяндалатын оқиға бо…

0
0
843

Шелли Мэрлидің романы және бас кейіпкері Виктор Франкенштейн

Шелли Мэрли (1797-1851) ағылшын жазушысы «Франкенштейн немесе заманауи Прометей» атты көркем-фантастикалық романын жазды. Жазушы туындысы 18 жасында дүниеге келген. XIX ғасырдағы жас әйел затында сирек кездестін білімді, дүниетанымды шығармасынан байқаймыз.Фантастиканың атасы Жюль Верннен (1828-1905) бұрын 1818 жылы фантастикалық романын бүркеншек атпен жарияланған. Жазушы өз атымен тек 1831 жылы романын жариялайды.Романға оралсақ. Жан және өмір (тірі денедегі) сөздері романда бір-бірін толықтыратын дара ұғымдар. Жан Жаратушы силаған сыйлық. Жан өмірге мән береді. Жансыз өмір? Өмір бар! (жан дүниесі жоқ тірі өлік, -зомби т.б. ойын-сауық киноларын көрсетіледі). Бірақ, адам қолыммен берілген өмір орынды ма? Адам өмірінде адамгершілік қасиетті тек жан анықтайды, оны тек Жаратушы береді. Бұны…

0
0
974