Мазмұнға өту

Жаңа

Көлік басқару құқығынан 3 жылға айырылды

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 471 бабының 1 және 4-бөліктерінде көзделген әкімшілік жауапкершілікті жасады деп айыпталған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарына қатысты келіп түскен әкімшілік істі қарады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kolik-baskaru-kukygynan-3-zhylga-ayyryldy

2
0
223

Жазғы демалысты қалай өткізесіз?

Жаз әйтеуір жетіп келді. Әдетте бұл жыл маусымын күн шуағы, жағалау, демалыспен байланыстырады. Жалпы, тек қана жағымды эмоциялар мен оқиғалар еске түседі. Жаздың бірінші күні балалар мерекесімен басталатыны да бар. Жазғы демалысты кім қалай өткізеді? Көптеген жасы келген адамдардың қызығы – қала сыртындағы саяжай. Қоғамдық көліктерде бірнеше сөмкесін арқалап жүрген апа мен аталарды жиі көреміз. Жұмысбастылар берілген еңбек демалысын барынша жақсы өткізуге тырысатындар. Жыл бойы жиналған жағымсыз эмоциялар және ауыр жұмыс күндерін ұмытып, Қазақстан шекарасынан асып, шетелге жол тартады. Біреуі Түркияға, енді біреуі Тайландқа, Египтке... Бірақ соңғы кезде болып жатқан оқиғаларға байланысты туристік фирмалар Тайландқа барудан бас тартуға кеңес беріп жатыр. Еңбек демалысын кім қалай өткізеті…

0
0
5054

Көшедегі бизнес

Қазақстанның барлық қалаларында, әлемнің көптеген нүктелерінде де көше бойында қолын жайып, қайырым сұрап отырған, жүрген адамдарды жиі кездестіреміз. Бұл бизнес түрімен айналысатындарға әркім өз көзқарасы, қатынасы әр түрлі. Кейбіреуі ақша беріп, қол ұшын берсе, біразы оларға мән де бермейді. Қайырым сұрайтындар не себепті осындай өмір стилін таңдаған, оларды не итермелеген, ең бастысы – күніне қанша ақша табады деп өмірінде бір рет болса да әркім ойланған шығар... Сұрақтарға жауап іздеу үшін Алматы қаласының бірнеше «нүктелеріне» барып, сұрастыруға тырыстым. Әрине, менің сауалдарыма жауап беруден бас тартқандар көп болды, бірақ арасынан жауап бере ғана қоймай, өздерінің ұялы телефон нөмерімен бөліскендер болды. Не үшін? Маған да түсініксіз... Сонымен, күнде Абай мен Әуезов көшелер қиылы…

0
0
418

Қалдықтарды және қауіпті заттарды басқару мәселелері бойынша семинар

15-16 шілдеде Алматыда БҰҰДБ/ЖЭҚ/ҚР ҚОСРМ «Қазақстанда медициналық қалдықтарды ұлттық жоспарлау және ұтымды басқару процесіне орнықты органикалық ластағыштарды орындаудың, басқаруды кіріктірудің ұлттық жоспарын жаңарту» жобасын іске асыру шеңберінде қалдықтар мен қауіпті заттарды басқару, нормативтік-құқықтық базаны жақсарту мәселелері бойынша оқыту семинары өтті. Іс-шараға денсаулық сақтау, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, экологтар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Семинардың мақсаты – жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдардың жоба туралы хабардарлығын арттыру, жұртшылықтың назарын аударту, өзара іс-әрекет процесін жақсарту. Семинардың жұмысы барысында қауіпті химиялық зат…

0
0
511

Сақ па, парсы ма?

Шарон Турнер (Sһаrоn Тurner) — 1768–1847 жылдары өмір сүрген, ағылшын тарихшысы. Ол бұл мақаласын, ағылшын тілінде 1827 жылы жариялаған болатын. Филология ғылымының докторы, Қазақстан және Ресей Халықаралық жоғары мектеп ғылым академияларының академигі Әділ Ахметов іс-сапармен біраз жыл Америкада тұрып, үндістердің тарихы мен тағдырына байланысты бірқатар қызғылықты ғылыми жұмыстар жазып, америкалық «үндістердің" арғы тегін антропологиялық, археологиялық, генетикалық және лингвистикалық тұрғыдан зерттеп, өз пайымын ортаға салған болатын. Ғалымның зерттеу жұмысының нәтижесі америкалық «үндістердің" арғы тегінің Алтайдан шыққандығын толық дәлелдейді. Ә.Ахметовтың «үндістердің" түпкі тегіне арналған «Азия-Берингия-Америка»,«Байырғы америкалықтардың алтайлық тегі», «Еуразия коды. Бесінші өрке…

1
0
1054

Балық шаруашылығы мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысын өткізу туралы

2014 жылғы 18 шілдеде ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің Төрағасы Қанат Мұсапарбековтың төрағалығымен Балық шаруашылығы мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Жайық-Каспий балықшаруашылық бассейнінің өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында тауарлы балық өсіруді дамыту, балық ресурстарын, оның ішінде Жайық-Каспий бассейнінің бекіре балық түрлерін қорғау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, жұмыс тобы балық шаруашылығының өзекті мәселелерін шешу мақсатында, практикалық көмек және ұсыныстар дайындау үшін екі айда бір рет бассейндік принципке сәйкес отырыс өткізеді.

Ағымдағы жылы Балқаш-Алакөл және Ертіс балықшаруашылығы бассейндерінің өзекті мәселелері қарастырылған болатын.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/105-34/

0
0
258

Биыл ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұраларына 8 қазақстандық нысан қосылды

BNews.kz Биыл ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралары қатарына 8 қазақстандық нысан қосылды. Бұл туралы бүгiн ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиялардың бiрiншi өңiраралық кеңесi барысында Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi. «Табанды да баянды жұмыстардың негiзiнде ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралар тiзiмiне елiмiздiң үш тарихи ескерткiшi енгiзiлдi. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Яссауи кесенесi, Тамғалы петроглиф археологиялық тас кешенi, Сарыарқа және Солтүстiк Қазақстан көлдерi мен жазықтары, Қорғалжын және Наурызым қорықтары. Биыл олардың қатарын елiмiздiң тағы да 8 тарихи нысаны толықтырып отыр. Елiмiздегi осындай жәдiгерлердiң әлемдiк мәдени құндылықтар қатарында дүниежүзiлiк мұралар тiзiмiне енуi тұтас халқымыздың арман-тiлегi мен риясыз пейiлiнiң кө…

0
0
282

Алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз.

Алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз. «ҚазАқпарат», 22.07.2014ж. Қазіргі таңда елімізде алаяқтыққа қарсы күреске бағытталған жұмыстардың жанданып, жаңа сатыға көтерілгені дау тудырмаса керек. Мұның негізгі себебін күш біріктіре қолға алынып жатқан шаралар тізбегімен түсіндіруге болады. Таяуда ғана Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі азаматтарға қатысты алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық алдын алу жұмыстарының бірлескен жоспарын әзірлегені есте. Осы жоспар негізінде бірқатар нақты бағыттар мен міндеттер айқындалып, алаяқтық бойынша Үкіметтің жеке нормативтік қаулысын әзірлеу, мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында ведомстволық интернет-ресурстарда арнайы айдарлар ашу, алдау жолымен жеке мүлікті иеленуге қ…

0
0
485

Кәсіпкерлерді қорғау

2014 жылдың 11 шілдесінде «Тандем» радиосының «Визави» радиобағдарламасында «Басты мақсат – кәсіпкерлерді қорғау» тақырыбында Маңғыстау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Ю.Резниченко мен баспасөз хатшысы Н.Мұқатайдың қатысуымен тікелей желі өтті. Бағдарлама барысында шағын және орта бизнесті тексеру тақырыбы, сондай-ақ, Елбасы жолдауында белгіленген міндеттерді орындау барысындағы Департамент қызметі туралы айтылды. Сұрақтардың басым көпшілігі кәсіпкерлерден келіп түсті. Оларды тексеру жүргізудің тәртібі, тексерулердің тағайындалуы және бақылаушы органдардың тарапынан заңсыз «келушілер» болған жағдайда, қайда барып арыздануға болатындығы қызықтырды. Тікелей желі барысында тыңдаушылардың сұрақтарына тиянақты жауаптар берілд…

0
0
295

Жеке қабылдау жүргізілді

2014 жылғы 17 шілдеде Маңғыстау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Е.Н.Жалмағанбет азаматтарды қабылдады.

Азаматтарды жеке қабылдау «Нұр отан» ХДП МОФ бастамасымен әзірленген кесте бойынша облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өтті.

Қоғамдық қабылдауға 17 адам жүгініп, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының алдына түрлі әлеуметтік және азаматтық-құқықтық мәселелер қойылды.

Келушілердің барлығы дерлік толыққанды әрі түсінікті жауаптар алды.

0
0
465