Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада ҚР ІІО қызметкерлері арасында шағын футболдан спартакиада басталды.


Қызылордада құқық қорғау органдары, күш және басқа да арнайы құрылымдар қызметкерлерінің арасында шағын футболдан ІІІ жазғы салалық спартакиада басталды.
Елімізде ішкі істер органдарының құрылғанына 22 жыл толуына арналған республикалық турнир «Динамо» спорт кешенінде 25 шілдеге дейін жалғасады. Оған ІІМ, ҰҚК, ТЖМ, ҚМ, ҚАЖК, ІІМ ішкі әскері, ҰҚК шекара қызметі, бас прокуратура, кедендік бақылау комитеті, қаржы полициясы, республикалық гвардия, президенттің күзет қызметі, ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командалары қатысады.
Спорттық бәсеке қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

0
0
393

Осы тақырып бойынша