«Барыс» клубынан шын мықтыларға есе жiбермейтiн талай жастар шығады — Назаров
«ҚХЛ маусымында командадағы 25 ойыншының барлығы жоғары өнер көрсетедi деп үмiттенемiн. Негiзгi назар Игорь Калянин, Владимир Воробьев, Андрей Шаянов сынды жас хоккейшiлерге аударылады. «Барыстың» басқа бапкерлерi жас спортшыларға көңiл аударатын болады. Командада өте үлкен бәсекелестiк, барлығында келiсiмшарт бар. Бiрақ негiзгi құрамның өкшесiн басып келе жатқан жастар жетерлiк. Мысалы, спорттық тұрғыда қатал қорғаушы — Мадияр Ибрайбеков. Ол маған Дарюс Каспарайтистi еске салады, дегенмен ол дене iрiлiгi бойынша «Ганстан» асып түседi», — дейдi бас бапкер.
Оның айтуынша, команданың ойыны биыл өзгешелеу болады. «Команда ойынын жылдамырақ, одан әрi тегеурiндi етудi жоспарлаудамыз. Сонымен қатар команданы әңгiмеге ашық етiп жасамақпыз. Ол Қазақстанда ең медиялық ұжым болмақ. Мүмкiн барша ҚХЛ аумағында да бұл жағынан ең үздiк болуы ықтимал. Клубымызда үндемейтiн ойыншылар болмайды», — дедi А. Назаров.
Айта кетейiк, танымал ресейлiк маман «Барыс» клубына жақында ғана бас бапкер болып тағайындалған болатын.

