Мазмұнға өту

Жаңа

БҚА-да әуежайлар мен ҚТЖ-ның икемді бағалық саясат жүргізу мүмкіндігін қарау жөнінде кеңес өтті

БҚА-да Агенттік төрағасының орынбасары Ә. Мәтішевтің төрағалық етуімен мемлекеттік органдар өкілдерінің және темір жол саласындағы көлік және авиация нарық субъектілерінің қатысуымен реттелетін нарықтардың доминант субъектілерінің қызметіне жеңілдіктер беру мүмкіндігі мәселесі жөнінде кеңес өтті.

Кеңестің мақсаты — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ) мен әуежайларға өз әлеуетін пайдалану мүмкіндігі мақсатында жеңілдіктерді қолдану мүмкіндігін қарау.

0
0
636

Ш.Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повесі

Әлем әдебиетінде Орта Азиядан аты мәшһүр жазушы кім десе, ойланбастан Шыңғыс Айтматов деп жауап беруге болады. М. Әуезовтің ақ батасымен әдебиет кеңістігіне жол тартып, «Адамзаттың Айтматовы» атанды. «Әдебиет әлемі» бағдарламасының бұл санын Шыңғыс Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» атты повесіне арнадық. Әдеби талқылауға арнайы келген қонақтар – белгілі жазушы, ғалым Нұрдаулет Ақыш және «Сарын» тобының мүшесі Айтбек Салық.

1
0
1967

Махамбеттің «Жұмыр-Қылыш» күйі

XIX ғасыр қазақ мәдениетінің Алтын ғасыры болды. Күйшілік өнер аймақтарға тармақтала бастады. Ежелгі күйлердегі аңыздың көне мифологиялық түсініктері XIX ғасырда күйші өмірін баяндайтын уақиғалармен алмастырылды. Аңызда заман тынысы көрініс тапты. Бағдарламаның кезекті бөлімінде Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш» күйі жайлы болмақ.

0
0
1146

Ұлттық электрондық бесіктің ерекшелігі

Өздігімен тербелетін бесік кездестіріп пе едіңіз? Сәбидің шырылдаған дауысы шықса болғаны, тербеліп қана қоймай, түбегі толған кезде дабыл қаққыш ойнай жөнеледі. Аналардың қолын ұзартып, алыстан да басқарылады. Мұндай қазақы бесіктің жаңарған түрін ойлап тапқан Серікбол Шаймардан туындысының жасалу әдісімен бөліспек.

1
0
953

БҚО бойынша Қаржы полициясы департаменті бастығының бірінші орынбасары «Мой город» порталы оқырмандарының сұрақтарына жауап берді

2014 жылғы 17 шілдеде «Мой город» жаңалықтар порталында Батыс Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті бастығының бірінші орынбасары Б.Ж.Отыншиевтың қатысуымен интернет мәжілісі өткізілді.

Толығырақ ақпарат келесі сілтеме арқылы:  http://mgorod.kz/nitem/onlajn-konferenciya-s-pervym-zamestitelem-nachalnika-dbekp-po-zko-batyrbekom-otynshievym/

0
0
383

«Қатонқарағай» мен «Ақжайық» табиғи паркi Бүкiләлемдiк биосфералық резерваттар жүйесiне енді

ҚазАқпарат – Қазақстанның «Қатонқарағай» және «Ақжайық» табиғи парктерi ЮНЕСКО-ның Бүкiләлемдiк биосфералық резерваттар жүйесiне енгiзiлді. Бұл туралы Астанада ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың аймақаралық І кеңесі барысында мәлім болды. Тоқтала кететін жайт, ағымдағы жылдың маусым айында ЮНЕСКО-ның халықаралық үйлестiру кеңесiнің шешімімен Қазақстанның «Қатонқарағай» және «Ақжайық» табиғи паркi ЮНЕСКО Бүкiләлемдiк биосфералық резерваттар жүйесiне енгiзілген екен. Осыған орай, Ұлттық комиссиялардың бiрiншi өңiраралық кеңесi барысында арнайы сертификатты ЮНЕСКО Бас директорының өкiлi Эрик Фальт Қазақстанның Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровқа табыс етті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, екі табиғи парктен бөлек биыл Қазақстанның 8 нысаны ЮНЕСКО әлемдік мұр…

0
0
596

Жер ресурстары- маңызды стратегиялық нысан

Жер ресурстары еліміздің маңызды стратегиялық нысандарының бірі болып табылады.

Жер қатынастары саласындағы бұзушылық еліміздің барлық аймағында орын алып жатыр. Олардың өсуіне төмендегі себептерді атауға болады:

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/makalalar/zher-resurstary-manyzdy-strategiyalyk-nysan

0
0
1008

ӘЧ-2014 үздік шабуылшысы Хамес Родригес «Реал» ФК сапында ойын көрсетпек

Хамес Родригес

«Реал» ФК ӘЧ-2014 үздік шабуылшысы Хамес Родригеспен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады.

«Монаконың» және футболдан Колумбия құрамасының шабуылдаушысы Хамес Родригес мадридтік «Реалмен» келісімге қол қойды. Бұл туралы испандық клубтың баспасөз қызметінен хабарлады.

Ресми емес деректерге сүйенсек, жуырда Бразилияда өткен әлем чемпионатында алты голымен үздік шабуылшы атанған 23 жасар Хамеске Мадрид клубы €80 млн. жуық қаражат төлеген. Жаңа командада Родригес 10-шы нөмірмен шығады деп күтілуде.

БАҚ деректеріне сүйенсек, Родригестің жалақысы €7 млн. құрайды.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
255