Орындалған арман
Малайзияға барған сапарымызда түрлі мамандық бойынша білім алып жүрген қазақ жастарына жолықтық Қазақ елі Тәуелсіздігін 1991 жылғы 31 желтоқсанда Малайзияның ресми түрде мойындау сәтінен бастап Малайзия мен Қазақстан арасындағы саяси, сауда және экономикалық байланыстар оң жолға қойылып келеді деп айтуға болады. 1996 жылы Куала-Лумпур қаласында Қазақстанның Малайзиядағы, ал Алматы шаһарында Малайзияның Қазақстандағы елшіліктері ашылды. Малайзия Қазақстан азаматтарына біржақты негізде 30 күнге дейін визасыз режім енгізді. Соның нәтижесінде Қазақстаннан Малайзия жеріне туристік сапармен барушылар саны жыл сайын барынша артып келеді. 2009 жылы осы елге тікелей ұшатын әуе лайнері жұмыс істей бастаса, бүгінде «Эйр Астана» әуекомпаниясы арқылы Алматы – Куала-Лумпур бағытына апта сайын тікелей…

