Мазмұнға өту

Жаңа

Австралиялық ғалым еліміздегі қар барыстарының топтасуына климаттың ықпалын зерттемек

BNews.kz Австралиялық академик Алматы тауларындағы қар барыстарының популяциясына климаттың өзгеруі қаншалықты ықпал ететінін зерттеп көрмек, деп хабарлайды BNews.kz. Қазақстанның таулары CQUniversity (Австралия) университеті вице-канцлерінің көмекшісі профессор Оуэн Невиннің назарын аударған екен. Ол Алматы облысының тауларындағы қар барыстарын зерттеу үшін 3 аптаға Қазақстанға келді. Жабайы табиғат әлемін сақтау жөніндегі биолог ірі жыртқыштарды зерттеумен айналысады. Ғалым жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған қар барыстарының топтасуына климаттың өзгеруі қаншалықты әсер ететінін зерттеуге бел буып отыр. Австралиялық университет 1967 жылы ашылған. CQUniversity бұл елдегі ең белсенді жұмыс істейтін университеттердің бірі және көптеген жылдар бойы мемлекеттік, қоғамдық, салалық топтармен…

0
0
396

Астана қаласы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы соттылды

2014 жылғы қаңтарда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері құрылыс монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру барысында «Хайвилл» компаниясының объектісінде болған жазатайым оқиғаға байланысты тексерудің қортынысы бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін кәсіпорындардың бірінің өкілінен 150 мың теңге көлемінде пара алғаннан кейін Астана қаласы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары – Астана қаласы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Медетбековты қамауға алған болатын.

2014 жылғы 24 шілдеде Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Медетбековты пара алуға кінәлі деп тауып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыруға соттады.

0
0
548

Жаңа маусымда «Барыс» командасының сапынан Ибрайбековтi көруiмiз ықтимал

«Барыс» хоккей клубының бас бапкерi Андрей Назаров команданың Швейцарияның Сурси қаласында өтiп жатқан жаттығу жиындарының алғашқы кезеңiнен кейiн, хоккейшiлердiң еңбегiне көңiлi толатындығын айтуда, деп хабарлайды «Спорт Экспресс». «Команда керемет еңбектенуде, ойыншылар жаттығудан соң бөлмелерiне әрең келедi, қазiргi кезеңде бұл жақсы олар үшiн, — деп атап өттi Назаров. — Таулы аймақтардағы дайындық әдiсi «Северстальда» жүргенiмде жасалған. Жергiлiктi жердiң шипалы ауасына сенемiз. Астанада 12 мың орындық заманауи жаңа стадионның шатыры салынып бiткендiгi туралы хабар команда үшiн допинг болды. Себебi бұл команданың 2015/2016 маусымда жаңа мұз айдынында ойнайтынын бiлдiредi. Бiз жаңалыққа қуаныштымыз». Оның айтуынша, команда сапында ыждаһатты, өз еңбегiне адал хоккейшiлер жетерлiк. Тiпт…

0
0
223

Астаналық «Снежные барсы» командасы «Карелин Кубогы» ойындарын жеңіспен бастады

Астаналық «Снежные барсы» командасы

Елордалық «Снежные барсы» хоккей клубы Бердск қаласында «Ресей Батыры А. Карелин атындағы сыйлық» (Карелин Кубогы) үшін өтіп жатқан турнирге қатысуда, деп хабарлады «Барыс» ХК баспасөз қызметінен.

Клубтың бұл сындағы бастамасы жаман емес. Бастапқы ойында-ақ астаналықтар алаң иелерін жеңді. Ғалым Мамбетәлиевтің тәлімгерлері «Кристалл-1» командасының қақпасына 3 шайба соқса, қарсыластары 2 рет қана қақпаның кілтін таба білді», — делінген хабарламада.

Келесі жолы қазақстандық хоккейшілер  «Красноярские рыси» және «Кристалл-2» құрамаларымен кездесетін болды.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
185

Роналдиньо «Атлетико Минейро» клубымен келісімшартты үзді

Роналдиньо

Футболдан 2002 жылғы әлем чемпионы бразилиялық Роналдиньо «Атлетико Минейро» клубымен келісімшартты үзді. Бұл туралы команда жетекшілігі мәлім етті.

Келісім 2014 жылғы желтоқсанға дейін жасалған болатын. Жергілікті БАҚ-тардың жазуынша, спортшы  мен команданың жаңа бас бапкері Левир Кульпидің арасында келіспеушіліктер орын алған көрінеді.

34 жастағы шабуылшыға қызығушылық танытып отырған клубтар аз емес. Қазірдің өзінеде оған аргентиналық «Бока Хуниорс», бразилиялық «Флуминенсе», мысырлық «Замалек», солтүстікамерикалық Бас футбол лигасы және Еуропаның бірнеше клубтары ұсыныс беруге әзір.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
163

Головкин HBO арнасымен жаңа келісімшартқа қол қойды

WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин HBO телеарнасымен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлады Allboxing.ru. Бұл GGG-дің австалиялық Дэниэл Гилмен кездесуіне бір күн қалғанда жасалған екен. «HBO-мен ынтымақтастығымыздың жалғасуын асыға күтудеміз»,- деген Том Леффлердің сөзін келтірді ЕSPN. – Олар Геннадийге қомақты қаржы бөлді, біздің ойымызша, HBO оның маснабын жаңа деңгейге көтеретін үздік телеарналық әріптес «. Келісімшартта кем дегенде төрт жекпе-жек өткізу (Гилмен кездесуі бірінші болған) қарастырылған. Сонымен бірге талаптарға сай кездесулер АҚШ-тан тыс және ақылы трансляция жүйесі (РРV) бойынша да өткізілуі мүмкін. Атап өту керек, HBO-мен келісімшартта басты бәсекелесі Showtime ұсынатын боксшылармен жекпе-жекке шығуға шектеулер қойылады, деп…

0
0
183

Қазақстан «Тур де Франстың» алғашқы кезеңдерін өткізуге ниет танытып отыр

Қазақстан «Тур де Франстың» алғашқы кезеңдерін өткізуге ниет танытып отыр

Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов Қазақстанның 2020 жылға дейін «Тур де Франс» көпкүндігінің алғашқы кезеңдерін өткізу мүмкіндіктері туралы келіссөздер жүргізе бастауға ниетті екенін мәлім етті.

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

«Тур де Франс» көпшіліктің көңілін аударған ауқымды оқиға болды. Біз мұндай айтулы жарыстың Қазақстанда да өткенін қалаймыз. Йоркшир бұған үш жыл бойы дайындалды, біз де мұндай жарысты өткізе аламыз деп ойлаймын», — деді Қ.Келімбетов.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы аталмыш веложарыстың алғашқы кезеңдері Англияның Йоркшир аймағында өткен болатын.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
243

Тарихи нысандарды қалпына келтіру оңай емес

Қанат Тұяқбаев «Қазқайтажаңғырту» РМК Бас директоры — Қанат Қымызұлы тарихи жәдігерлерді қалпына келтіру бағытында, «Қазқайтажаңғырту» мекемесі қандай маңызды жұмыстар атқарып келеді? — 1996 жылдан 2006 жылға дейінгі аралықта елімізде 56 ескерткіш қалпына келтірілді. Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойына «Әзірет-Сұлтан» мұражайының Тарихи-мәдени аумағындағы 20 ескерткіш, мысалы, Шығыс моншасы, 19 ғасыр Мешіті, Халуат, Рабия Сұлтан Бегім кесенесі және т.б. Тараз қаласының 2000 жылдық мерей тойына «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Тарихи-мәдени қорығының аумағында 10 нысан қайта қалпына келтіріліп, тапсырылды, «Қарахан», Шамансұр, Бабаджы Қатын және т.б. кесенелері. Алматы қаласы бойынша кәсіпорынмен қызмет барысында 15 нысан қалпына келтірілді. Қалпына келтіру дегеніңіз бір-екі жылда біт…

1
0
2153

Оңтүстікте тоналмай сақталған аса кұнды жәдігерлер табылды

Оңтүстіктің археологтары бұрын-соңды кездеспеген тарихи жәдігерлерге тап болды. Ордабасы ауданы, Сарыарық ауылындағы Күлтөбе маңынан тарих жанашырлары осыдан 2 мың жыл бұрын өмір сүрген қаңлы тайпасы мен сармат тайпаларының дәуіріне қатысты адамдардың қорымын ашты. Үңгір етіп қазылған (катакомба) 3 қорымнан жалпы саны 12 адамдың мүрдесін анықтаған мамандар оларды б.з.д ІІ — б.з. ІV ғасырларға тиесілі дейді. Қорымда әйелдің де, ер адамның да мүрдесі бар. Қаңқаларға жынысына қарай түрлі әшекей заттар мен бұйымдар тағылған. Тарих жанашырларын ең таң қалдырғаны — ондағы әшекей бұйымдарының аса күрделі әрі жоғары сапада жасалғаны. Мәселен, қорымның бірінде әйел адамның тізбек моншағы бар. Анықтап зер салсаңыз, тастар тау хрусталінан жасалынған. Археологтардың дерегіне сүйенсек, хрусталь тасын…

1
0
712