Балық қорғау шаралары жөнінде
2014 жылдың 23 шілдесінде Маңғыстау облысында балық инспекторлары облыстық ІІД қызметкерлерімен бірлесіп өткізген іс-шаралар барысында «Мазда» маркалы автокөлікті тексеріп, оның ішінен 26 дана бекіре тұқымдас балық тапты. Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы 104,7 кг құраған.
Оқиға бойынша жинақталған материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
