(Сықақ әңгіме) Боқаш көптен бері джип ізін салмаған ауылдағы үйге асыға-үсіге келді де, қарттық жетіп, таяғына сүйеніп зорға отырған шешесіне: «Апа, не істесем екен, нәпсім семіріп кетіпті» деді, амандық-саулықтан соң. Боқаштың ауылға келмей кеткеніне 5 жылдан асқан. Анасы өзге ұлдарына қарағанда осы Боқашына көп алаңдайды. Шешей таяғына сүйеніп алады да, таң атқаннан кеш батқанға дейін қаладан келгендердің әңгімесін аңдиды, пыш-пыш, ду-ду гәпқа қалай жақын болып кеткенін сезбей қалды. Бірде көршісі Бәтима қаладан келді дегенді естіп, иттерін шулатып үйіне кіріп барған. Сонда бар сұрағаны Боқаштың жайы. Бәтима болса, міз бақпастан, «апа, сол бір кісіге пайдасы жоқ ұлыңызды неменеге сонша зарыға күтесіз, қалада үлкен фирмасы бар, өзінен басқа ешкімді көзге ілмейді, алдап, арбап, өтірікті ш…