Шара Жиенқұлова – қазақ би өнерінің хас шебері

«Батальон басшылығы мен солдаттар Қазақстаннан келген әртістер бригадасының өнеріне, әсіресе Шара Жиенқұлованың шеберлігі мен дарынына тәнті болғанын айтып, ризашылығын білдіреді», - деп жазған батальондық комиссар Рабинович өз хатында.
Сахнадағы алғашқы қадамынан бастап-ақ ел ықыласына ерекше бөленген би патшайымы Шара Жиенқұловаға дәл осындай жүздеген, тіпті мыңдаған хаттар ағылып келіп жататын. Бірі өнеріне риза, тәнті болғанын жазса, ал енді біреулері ғашықтық сезімдерін жеткізуге асығатын. «Тағдырлы хаттар» бағдарламасы.
