Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Петропавлда автокросстан Қазақстан чемпионаты өтуде

Петропавлда автокросстан Қазақстан чемпионаты өтуде

Петропавлда өтіп жатқан автомобиль жарысынан Қазақстан чемпионатының екінші кезеңіне Көкшетау, Алматы және Петропавлдың үздік автошабандоздары қатысуда.

КСРО спорт шебері Виктор Андургті еске алуға арналғанбәсекеге шамамен 20 автошабандоз қатысуда, ал олардың өнерін тамашалауға мыңнан астам қала тұрғыны жиналды.

«Негізгі жарыстар әрбір дивизонда өтеді және алты айналымды құрайды. Ал біздің дивизионда машиналар дайындық дәрежесі мен санатына қарай бөлінген, оның әрқайсысында үш мәртеден ақтық мәреден өту қажет. Осыдн кейін үш жеңімпаз 8 айналымнан тұратын супер жарысқа шығады. Жеңімпаз біреу ғана болады», - деді автожарыстың бас төрешісі Владимир Жуковень.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста петропавлдық Евгений Пумов бірінші келді. Ол спорттың бұл түрімен соңғы екі жыл ішінде тұрақты айналысып келеді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай

 
0
0
179

Осы тақырып бойынша

Петропавлда автокросстан Қазақстан чемпионаты өтуде - Yvision.kz