Астана қаласы туралы үздік жарияланым бойынша «Нысанада — Астана» қалалық байқауы туралы ереже
Астана қаласы туралы үздік жарияланым бойынша «Нысанада - Астана» қалалық байқауы туралы ереже Байқау туралы жалпы ережелер: «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығы қаладағы әлеуметтік маңызды оқиғаларды ақпараттық баяндау мәселелері бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру аясында «Нысанада - Астана» байқауын өткізеді. Байқау мақсаты: Қаладағы әлеуметтік маңызды оқиғалар жайлы жан-жақты және объективті баяндау. Байқау міндеті: Бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернет желісінде Астана қаласының позитивті имиджін/брендін қалыптастыру; Электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елорда тұрғындарының ерекшеліктері мен мәселелеріне қоғам назарын аудару; Журналисттер, блогерлер және қоғам үшін ақпараттық ашықтықты дамытуды ынталандыру; Қаладағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік өзгерістердегі…