Мазмұнға өту
aikarakoz

Эльвира Ергалина

@aikarakoz

Сайтта 2014 ж. 25 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

3

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Эльвира Ерғалина. Әлеуметтік эксперимент: көшеде қызға қол көтеруге бола ма?

Өткенде Жанасыл ұсынған экспериментті жасап көрдік.
Көшеде төбелесуші болмаңыздар, бәрібір ешкім көмектеспейді
Ал, сіз осындай жағдайға тап болсаңыз не істер едіңіз?

0
0
498

Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Үйіңіздегі көк жәшіктен аптасына неше рет кино көресіз? Әйтеуір отандық телеарналардың біреуіндегі ұнағанын қарайсыз ғой. Сол фильмдердің дубляжы көңіліңізден шыға ма? Жалпы дубляжы, дыбысталуы туралы білетініңіз бар ма? Телеарналар өздері көрсететін фильмнің түпнұсқасын сатып алып, қазақ, не орыс тіліне аударады. Арнайы дистрибьюторлық компанияларға алдын ала тапсырыс беріледі де, салыстырмалы түрде рейтингі жоғары, халыққа қызық болады-ау деген киноларды таңдайды. Мысалы, аптасына 2 фильм көрсетілу керек болса, шамамен, жылына 104 фильм сатып алады. Ол фильмдерді жыл бойына 2-ақ рет көрсетуге рұқсат бар. Тіпті, Хоббит сияқты жаңа, эксклюзив фильмдерді алғаш боп қай канал сатып алады, 2 жыл ішінде сол арнадан ғана көрсетіледі. Бұл — көрсетілімге эксклюзивті құқық деп аталады. «Ал, өзіміз…

0
1
2095

7 арнаның визажисті: «Боянған әйел мұрнын кере жүреді» @tv7_kz

Ибрагимова Айгүл Тохташқызы, визажист — Сіз қазір 7 арнада визажист боп қызмет атқарасыз. Әу бастан осы саланы көздеген ба едіңіз? — Мен әу баста шаштараз едім. Шаш қиюды 11 жаста бастадым деп айта алмаймын, бірақ, осы жасымда алғаш рет шаш қиғанмын. Інімді түрсишең далаға отырғызып қойып, шашын алғанымнан басталған. Үйде дәу қара қайшы болатын, онымен мата да, жіп те кеседі, мен сонымен шаш қиятынмын. Солай-солай үйдегі анамның, әкемнің, інілерімнің бастарын «жаңартып» тұратын болдым. Кейін есейгенде шашатараздың оқуын оқимын дедім, үйдегілер жібергісі келмеді. «Ой, не бар, ешқашан өспейсің, бір креслоны айналып тұра бересің ба, керек емес,» — деп, мені бұғалтырдың оқуына жібергісі келді. Ал, менің ол оқуға барғым келмеді. Неге екенін, әйтеуір тартпады. Халықпен араласқан, сөйлескен ұнай…

2
1
1295