Мазмұнға өту

Жаңа

«Барыс» хоккей клубы Швейцарияда «Давоспен» екі кездесу өткізеді

Астананың «Барыс» хоккей клубы маусымалды дайындығы аясында Швейцарияның «Давос»клубымен екі кездесу өткізеді, деп хабарлады қазақстандық клубтың баспасөз қызметінен.

«Барыс» Швейцариядағы оқу-жаттығу жиыны аясында жергілікті «Давос» командасымен екі жолдастық кездесу өткізеді. Давос» өңірдегі мықты командалардың бірі саналады. Ол елдің бірнеше мәрте чемпионы, Шпенглер кубогының 15 мәрте иегері», - делінген таратылған ақпаратта.

Клуб баспасөзінің ақпаратына қарағанда, бірінші ойын  31 шілде күні Давос қаласында Астана уақыты бойынша 00:00-де, ал екінші ойын 3 тамыз күні Сурси қаласында 20:00-де басталады.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
0
0
156

Волейболдан Әлемдік Гран-При: Қазақстан-Чехия — 1:3

Алматыда волейболдан Әлемдік Гран-При ойындарының соңғы күні Қазақстанның әйелдер арасындағы ұлттық құрама командасы чехиялық қарсыластарынан өкінішке қарай 1:3 есебімен ұтылып қалды. Осылайша Александр Гутордың шәкірттері турнирдегі жағдайын одан сайын нашарлатып алды. Енді отандастарымыз үшін финалдық турнирдің ауылы алыстап кетті. Оған қатысу үшін енді Чехияда өтетін үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жету қажет. Бүгінгі ойында қайтсе де жеңіске жетуді көздеген қыздарымыз, ойын басталысымен ұпай санымен алға шықты. Оның үстіне қыздарымызды қолдауүшін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына шамамен бүгін 1500 жуық жанкүйер жиналды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрама командасы ойынды жақсы бастағанымен, аяғына қарай есе жіберіп алып жатты. Бірінші партия чехиялықтардың пайдасына шешілді. Есеп…

0
0
327

Геннадий Головкин қарсыласын нокаутқа жiберді

Бокстан орта салмақ дәрежесінде WBA (Super) мен IBO бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин австралиялық боксшы Дэниэл Гилді 3-раундта сұлатып салды. 33 жастағы Дэниэл Гилге қарсы кездесу 27 шілдеде Нью-Иорктегі 20 мың орындық Madison Square Garden аренасында өттi. Жекпе-жек HBO телеарнасы арқылы 100-ден астам елiнде көрсетiлдi. Бұл Геннадийдің кәсіпқой бокстағы 30-шы кездесуі. Ал WBA чемпионы титулын 11-ші рет қорғады. Айта кетейік, қазақстандық боксшы 30 кездесудің 27-сiн нокаутпен жеңді. Бұның алдында хабарлағанымыздай, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қазан немесе қараша айына өткiзудi жоспарлауда. «Гил өте тамаша боксшы. Осы жекпе-жек үшiн оған ризашылығымды бiлдiремiн. Болашақта мен осы салмақта барлық чемпиондық белдiктердi жеңiп алсам деймiн. Келешекте Мигель Котт…

0
0
215

Қазақстанда тауарлық белгіні енді интернет арқылы тіркеуге болады

Тауарлық белгіні және тауардың шыққан орнының атауын тіркеу бойынша жаңа қызметтер енді Қазақстанның электрондық үкімет порталында қол жетімді.Оларды жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ заңды тұлғалар да пайдалана алады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы және eGov.kz-те тіркелу қажет. Қызметті алу үшін «Бизнес» тарауын, «Зияткерлік меншік» санатын таңдау және «Тауарлық белгілер» батырмасын басу қажет. Өтініш толтырылғаннан кейін электрондық нысанға талап етілетін құжаттар қоса тіркеледі және өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойылады. Тиісті куәлікті беру туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап Пайдаланушының жеке кабинетіне жөнелтіледі. Электрондық үкімет порталының қызметті бойынша барлық сұрақтарды 1414 Бірыңғай байланыс орталығыныңоператорларына қоюға болады. Орталық тәулі…

0
0
481

Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтама – 5 минутта!

Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтаманы енді біздің портал арқылы алуға болады. Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтама – қамқоршылықтағы балаларға байланысты әлеуметтік көмек, күнделікті әлеуметтік, медикалық, педагогикалық қызметтер көрсетіледі деген мәліметті немесе ақпаратты дәлелдейтін құжат. Бұл анықтаманы портал арқылы электронды нысанда алу үшін қорғаншының (қамқоршының) және қамқоршылықтағы баланың ЖСН және тұтынушының ЭЦҚ керек. Тұтынушы өкілетті органның өкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі. www.egov.kz порталы арқылы қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтаманы 5 минут ішінде алұға болады. Бұл ретте мемлекеттік мекемеге барудың қажеті жойылад…

0
0
663

Неке қиылғаннан кейін тегін портал арқылы ауыстыруға болады

Электрондық үкімет порталында некеге тұрудың актілік жазбасы немесе оны бұзу негізінде тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге өтінішті беру қызметі іске қосылды. eGov.kz арқылы тегін ауыстыруға Е-өтінішті беру үшін www.egov.kz порталында авторлануы және электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. «Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге электрондық өтінішті беру» қызметі «Онлайн қызметтер бір тізімде» тарауындағы «Отбасы» санатында орналасқан. Форма алаңын толтырғаннан кейін ТАӘ ауыстыру үшін негізді таңдау қажет: некеге тұру немесе бұзу. Одан кейін өтініш электрондық қолтаңбамен куәландырылады. Үш жұмыс күні ішінде пайдаланушы өтінішті қабылдау немесе бас тартудың себебін түсіндіру туралы хабарлама алады. Бұл ретте өтініш беруші мемлекеттік қызметке мемлекеттік баж сал…

0
0
380

Тұрғын үйге кезектің нөмірін енді біздің порталы арқылы қарауға болады

Тұрғын үйге кезектің нөмірін енді www.egov.kz порталы арқылы қарауға болады. «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті орган жалдаған тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау» электронды қызмет тегін және портал арқылы өтініш берген сәтте көрсетіледі. Бүгінде осы қызмет Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен қалаларының тұрғындары үшін қолжетімді. Тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау үшін тұтынушыға ЭЦҚ және порталда тіркелу қажет емес. Бар керегі, кезектегі адамның ЖСН немесе тегі, аты және туған күні туралы ақпаратты электронды бетке енгізу. Аталған қызметтің электрондық форматқа аударылуы тұрғын үй-коммуналдық саласындағы орын алатын сыбайлас жемқорлықты азайтуға өз үлесін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, мемелекеттік…

0
0
11309

ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің қызметтері электрондық нысанда қолжетімді

Жер ресурстарын басқару агенттігінің (ЖРБА) төрт қызметі электрондық нысанда жұмыс жасайды және оларды Қазақстанның электрондық үкімет порталынан пайдалануға болады. Олар: Жер теліміне кадастрлық ақпаратты беру. Жер теліміне құқықты алғаш берудің құқық белгілейтін құжаты туралы ақпараттарды беру. Жер телімінің тиесілігі туралы ақпаратты беру. Жер теліміне сәйкестендіру құжаттарын жасау туралы ақпаратты беру. Қызметтер жеке және заңды тұлғаларға да қолжетімді. Е-қызметті алу үшін пайдаланушыға электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы және www.egov.kz. авторизациялануы жеткілікті. Порталдың басты бетінен «Жылжымайтын мүлік» бөлімін таңдайсыз және «Жер қатынастары» салынымын шертесіз. ЖРБА қызметтері сонымен қатар бас мәзірдегі «Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер» бөліміне кіріп және «ҚР Же…

0
0
332

Онлайн декларация – жеңіл және жылдам

Электрондық түрде салық есептілігін ұсыну жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мақсатындаcabinet.salyk.kz/sonowebinfo салық есептілігін авторизациялау және жөнелту, оның ішінде ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан (бұдан әрі – ҰКО) ЭЦҚ құралдарымен куәландырылған жеке табыс салығы мен мүлік бойынша (230.00 нысаны) декларациялау мүмкіндігі іске асырылды. ҰКО-нан цифрлық қолтаңбаларды алу үдерісі екі кезеңнен тұратындығын ескертеміз. Пайдаланушы порталдан онлайн өтінім береді. Пайдаланушының компьютерінде жабық кілттер құрылады, бұдан әрі азаматтың бірегей нөмірмен қалыптастырылған өтінішті басып шығарудың мүмкіндігі бар. Азамат осы өтінішпен ХҚКО-на барады, ал оның мекенжайын онлайн өтінімді беру үдерісінде таңдайды. ХҚКО-да оператор азаматтың сәйкестендіру рәсімін жүргізеді, және нәтижел…

0
0
401