Мазмұнға өту

Жаңа

БОКС: «Астана Арланс» клубы «Куба Домадореспен» жолдастық кездесу өткізеді

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін «Астана Арланс» клубы кубалық «Куба Домадореспен» жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы команданың ресми сайтында хабарланды.

WSB-ның 3-ші және 4-ші кезеңдерінің чемпиондары арасындағы матч 9-10 қыркүйек күндері Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Қос кеште де командалар бес бестен жекпе-жектер өткізеді.

«WSB-ның екі алыбы арасындағы кездесуі туралы ақпаратты бүкіл әлемдік қауымдастық жақсы қарсы алды. Біз осындай оқиғаны ұйымдастыруға атсалысқан екі командамен де мақтанамыз», — дейді WSB басшысы Карим Боузиди.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
268

Қазаққа жат көрініс

Маусым айында Қазақстанға «EXPO-2017» Халықаралық көрме бюросының туын Парижде тапсырды. Осы шараға байланысты Астанада үлкен мерекелік концерт өтті. Жалпы концерт жақсы өтті. Біздің отандық жұлдыздар фонограмманың күшімен ән айтса да орындаулары көрікті әрі қызық болды. Қуандым, жиналған көрермендер әжептәуір сергіп қалды қазақ тілді әндердің арқасында. Әдеттегідей қазақстандық орындаушылардан кейін Ресейдің поп әртістері шықты. Қызықтың көкесі сонда басталды. Не қызық болуы мүмкін дейтін шығарсыздар, араларыңызда бұндай сұмдықты теледидардан күнделікті көріп тұратындарыңыз да бар шығар, бірақ мен көгілдір экранды қоспағалы талай жылдар озды. Сондағы мені таң қалдырған жалаңаш бұттар. Секеңдеген әнші сымақтар мезі қылды жалаңаш борбайлары мен куйрыктарын көрсетіп. Мені кешірерсіздер, жас…

0
0
2216

Сот органдарының байланыс орталығы online режимде қызмет көрсетуде

Сот органдарының тұрғындармен өзара байланысының тиімділігін арттыру мақсатында 2014 жылғы 29 сәуірде Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысы 1401 бірыңғай байланыс орталығының жұмыс регламентін бекітті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/sot-organdarynyn-baylanys-ortalygy-online-rezhimde-kyzmet-korsetude

17
0
463

Айдаһар елдің арманы

«Жол азабы көр азабы» десе де адамдар жаңа ел көріп, жаңа жерлерде саяхаттауға ежелден құмар. Асан қайғының жер ұйықты іздегені секілді, шетелге шыққан кез келген кісі ең алдымен жұмақ мекенді елесететеді көз алдына. Сол құмарлық бізді де тартып, оған киелі қарашаңырақ ұлттық университетіміз сеп болып, өздерін Айдаһар деп төрткүл әлемге танытқан Джунго еліне жол түсті. Бізге өлшеніп берілген ғылыми тәжірибенің 10 күні Джунго елінің астанасы Бейжің қаласындағы Ұлттар (Минзу) университетінде өтті. Осы уақыт аралығында аталған университеттегі дәрістің өту ретімен танысып, бірнеше күн бойы сабақтарына қатыстық. Өз мамандығымызға орай, Бейжіңдегі мемлекеттік орталық радио студиясына, ұлттар баспасына жол түсіп, телевидениесін қоса көріп, Қытайдың бүгінгі ақпарат тарату ерекшелігімен таныстық.…

0
0
538

Басқарма отырысын өткізу туралы

Монополияға қарсы органда Басқарма отырысы өтті, оның күн тәртібінде 2 негізгі мәселе қаралды:

— экономикалық шоғырлануға өтінішхаттарды қарау нәтижелері;

— Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (Тізілім) өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

0
0
342

Алматыда шахматтан «KBTU-Open» республикалық турнирі аяқталды

Алматыда шахматтан орта білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында шахматтан «KBTU-Open» республикалық турнирі мәресіне жетті. Бұл туралы бүгін Қазақстанның шахмат федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Басты жүлде — Қазақстан-Британ техникалық университетінің математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығы бойынша грантын халықаралық шебер, астаналық Аян Ахметов жеңіп алды. Аян жеті партияда жеңіске жетіп, екі партияны тең аяқтады. Нәтижесінде мүмкін болатының 9 ұпайдың 8-ін иеленді. Ал Аян Ахметовтан кейін бес бірдей қатысушы 6,5 ұпайдан жинады. Бірақ, Бухгольц коэфициенті бойынша екінші орын алматылық Иван Мезенцевке бұйырды. Үшінші орын да алматылық Ринат Әміржановтың еншісінде. Қыздар арасында Орал қаласынан келген Айсезім Мұхит ең жоғары нәтижеге қол жеткіз…

0
0
356

ФУТБОЛ: «Астана» Еуропа лигасында «АИК» командасының тас-талқанын шығарды

«Астана» футболшылары Еуропа лигасының үшiншi раундында сырт алаңда «АИК» командасын 3:0 есебiмен ойсырата жеңдi.

Бiрiншi таймда өте сенiмдi ойнай бiлген «Астана» командасы стандарттық жағдайлардың бiрiнде Фокси Кетевоаманың соққысынан кейiн 1:0 есебiмен алға шықты.

Екiншi таймның орта тұсында астаналық футболшылар есептi еселетiп, жанкүйерлердiң мерейiн үстем еттi. Дмитрий Шомко қорғаушылар мен қақпашының қателiгiнен кейiн екiншi голдың авторы атанған болатын. Ал ойынның 71-ші минутында тамаша пасқа ие болған Жолшиев қақпашыны алдап өтiп, бос қақпаға үшiншi голды тоғытты. Осылайша, «Астана» Еуропа лигасының плей-офф кезеңiне өттi.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
364

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық қарсыласын 5 раундта сұлатып салды. Бұл туралы Қытайдағы қандастарымыздың сайты senkazakh.com хабарлады. Қанаттың кезекті жекпе-жегі 7 тамыз күні (Қазақстан уақыты бойынша бүгінгі таң) Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өткізілді. Бұл — Қанаттың Латын Америкасы чемпиондық белгісін 2-рет қорғауы. Естеріңізге сала кетейік, колумбиялық Фидел Мантерроса осы айқасына дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32-сін өз пайдасына шешкен. 26 рет жекпе-жегін мерзімнен бұрын аяқтаса, 9 кездесуінде жеңіліп, 1 кездесуде тең түскен Ал қандасымыз осыған дейін 17 кездесу өткізіп оның бәрінде жеңіске жеткен. Оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Бүгін 18-жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, бұл — оның 15-ші нокауты. Күнсұлтан…

0
0
336

«Қазақтелеком» «Warner Brothers» фильмдері жиынтығының құнын төмендетті.

«Қазақтелеком» «Сұраныс бойынша бейнефильмдер» шеңберінде осы жылдың соңына дейін «Warner Brothers» компаниясы фильмдерінің жиынтығын қосу бойынша акция өткізеді.

Акцияға "iD TV" қызметін пайдаланатын жеке тұлғалар қатыса алады. Үстіміздегі жылдың 31-желтоқсанына дейін қосылған абоненттер үшін «Warner Brothers» жиынтығының құны айына 1500 теңгені құрайды. Жиынттыққа рейтингілері мен касалық жиыны жоғары 80 фильм кіреді.

0
1
678

«Қазақтелеком» iD Net және Megaline пайдаланушыларына акция өткізеді

«Қазақтелеком» «iD TV Online» және HD-арналар жиынтығына осы жылдың 30-қыркүйегіне дейін қосылған абоненттер арасында 100 планшетті ұтысқа тігеді.

Акцияға "iD TV" және "Megaline" қызметін пайдаланатын жеке тұлғалар қатыса алады

«iD Net»-ке қосылудың техникалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты idnet.kz сайтынан, сондай-ақ 160 нөмірінен білуге болады.

0
0
928