Қазаққа жат көрініс
Маусым айында Қазақстанға «EXPO-2017» Халықаралық көрме бюросының туын Парижде тапсырды. Осы шараға байланысты Астанада үлкен мерекелік концерт өтті. Жалпы концерт жақсы өтті. Біздің отандық жұлдыздар фонограмманың күшімен ән айтса да орындаулары көрікті әрі қызық болды. Қуандым, жиналған көрермендер әжептәуір сергіп қалды қазақ тілді әндердің арқасында.
Әдеттегідей қазақстандық орындаушылардан кейін Ресейдің поп әртістері шықты. Қызықтың көкесі сонда басталды. Не қызық болуы мүмкін дейтін шығарсыздар, араларыңызда бұндай сұмдықты теледидардан күнделікті көріп тұратындарыңыз да бар шығар, бірақ мен көгілдір экранды қоспағалы талай жылдар озды. Сондағы мені таң қалдырған жалаңаш бұттар. Секеңдеген әнші сымақтар мезі қылды жалаңаш борбайлары мен куйрыктарын көрсетіп. Мені кешірерсіздер, жас қыз бола тұра осындай сөздерді қолдануға тура келеді.
Нюша. Қыздың дауысы қатты, оған еш күмәнданбаймын, шынымен жақсы орындаушы. Бірақ, біздей елге келгенде өзінің талғамын өзгертіп, сәл болса да сыпайлық танытса.





Serebro тобының мүшелері көруге деген ынтасын оятты көрермендердің. Бірақ көбісі үшін жеркенішті болды.





Көрермендердің арасынан қазақ жігіттерінің азсынған сөздерін естіп, табиғатымызға тән иба, инабат, т.б. ізгі қасиеттердің әзірге әйтеуір сақталып келе жатқанына шүкір дедім.
Топтың басқа мүшелерінің көйлектерінің ұзындығы жарамды ғой сахнаға шығып, ән айтатындай, бас орындаушысының соларға еліктегені жақсы болар еді.


Біздің концерт ұйымдастырушылары сондай сорлы, бейшара ма?! Өздерінің бір-екі талаптарын қойса болады ғой. Ресей әртістерін шақырмау керек деп айтып тұрған жоқпын, бірақ, біздің пікірлерімізбен де есептессе болады. Біздің халыққа тән менталитетпен санасса да болады, дегенмен үлкен тәуелсіз мемлекеттің тұрғындарымыз ғой.
