ФУТБОЛ: «Астана» Еуропа лигасында «АИК» командасының тас-талқанын шығарды
«Астана» футболшылары Еуропа лигасының үшiншi раундында сырт алаңда «АИК» командасын 3:0 есебiмен ойсырата жеңдi.
Бiрiншi таймда өте сенiмдi ойнай бiлген «Астана» командасы стандарттық жағдайлардың бiрiнде Фокси Кетевоаманың соққысынан кейiн 1:0 есебiмен алға шықты.
Екiншi таймның орта тұсында астаналық футболшылар есептi еселетiп, жанкүйерлердiң мерейiн үстем еттi. Дмитрий Шомко қорғаушылар мен қақпашының қателiгiнен кейiн екiншi голдың авторы атанған болатын. Ал ойынның 71-ші минутында тамаша пасқа ие болған Жолшиев қақпашыны алдап өтiп, бос қақпаға үшiншi голды тоғытты. Осылайша, «Астана» Еуропа лигасының плей-офф кезеңiне өттi.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев 

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

