Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық  қарсыласын 5 раундта сұлатып салды. Бұл туралы Қытайдағы қандастарымыздың сайты senkazakh.com хабарлады.

Қанаттың кезекті жекпе-жегі 7 тамыз күні (Қазақстан уақыты бойынша бүгінгі таң) Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өткізілді. Бұл — Қанаттың Латын Америкасы чемпиондық белгісін 2-рет қорғауы.

Естеріңізге сала кетейік, колумбиялық Фидел Мантерроса осы айқасына дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32-сін өз пайдасына шешкен. 26 рет жекпе-жегін мерзімнен бұрын аяқтаса, 9 кездесуінде жеңіліп, 1 кездесуде тең түскен

Ал қандасымыз осыған дейін 17 кездесу өткізіп оның бәрінде жеңіске жеткен. Оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Бүгін 18-жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, бұл — оның 15-ші нокауты.

Күнсұлтан ОТАРБАЙ

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
317

Осы тақырып бойынша

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады - Yvision.kz