Мен сақшыдан қаштым...
Павлодар қаласындамын. Елбасымыз келіп, қаланы жол полициясы, тәртіп сақшылары қоршап алыпты. Таяқ тастам жерде қарауылдықта тұрған сақшылар өткен-кеткен кісіге тесіле қарайды. Аялдамада автобус күтіп тұрған маған «тыныштық күзетшілерінің» бірі қайта-қайта қауіптене қарағанынан өзімнен-өзім күдіктене бастадым. Сөйтсем, телефоныма бір қарап, жан-жағыма оларды байқамағандай жалтақ-жалтақ еткен шапшаң қимылымнан шошынып тұрған түрі екен. Алла сақтасын, біздің елде тыныштық болсын, әйтпегенде бұларға «ұнамаған адамыңды атып сал» деген ұлықсат берілсе мен сияқты «қайда тұрғанын досына жеткізе алмай телефонына үңілген» талай «күдікті» бір оқтық болып кетеді екен. Осылайша тапа-тал түсте екі қазақ бір-бірімізден қауіптеніп тұрғанда мені қатты шөл қысты, шөлдегенім сылтау ғана, мүмкін «қорыққанға…


