Айдаһар елдің арманы
«Жол азабы көр азабы» десе де адамдар жаңа ел көріп, жаңа жерлерде саяхаттауға ежелден құмар. Асан қайғының жер ұйықты іздегені секілді, шетелге шыққан кез келген кісі ең алдымен жұмақ мекенді елесететеді көз алдына. Сол құмарлық бізді де тартып, оған киелі қарашаңырақ ұлттық университетіміз сеп болып, өздерін Айдаһар деп төрткүл әлемге танытқан Джунго еліне жол түсті.

Бізге өлшеніп берілген ғылыми тәжірибенің 10 күні Джунго елінің астанасы Бейжің қаласындағы Ұлттар (Минзу) университетінде өтті. Осы уақыт аралығында аталған университеттегі дәрістің өту ретімен танысып, бірнеше күн бойы сабақтарына қатыстық. Өз мамандығымызға орай, Бейжіңдегі мемлекеттік орталық радио студиясына, ұлттар баспасына жол түсіп, телевидениесін қоса көріп, Қытайдың бүгінгі ақпарат тарату ерекшелігімен таныстық. Ол жердегі қазақтар бізді ерекше ықыласпен қарсы алып, редактор басшыларымен бір дастарханнан дәм бұйырды.

Біз көрген Бейжің күні мен түні біздің Астанадағымен ұқсас. Тек бұл елде өмір сүріп жатқан адамдардың ойлау жүйесі мен ханзулықтардың ұстанып отырған саясаты өзгеше, Заңға ерекше бағынады.
Жат елде оқып, білім алып жүрген жастар өзінің қазақ екенін ұмытпай, ұлтын мақтан етсе екен деген арман қалды іште. Он күн өте шықты. Біз сені сағыныппыз, Тәуелсіздіктің тартуы болған АСТАНА!
13.12.2012
