Мазмұнға өту

Жаңа

Қоңыр күзді күтпестен...

Қалихан Ысқақ өзінің тұңғыш жазған «Қоңыр күз еді» туындысының соңғы жолдарын былай аяқтаған екен: «Қомшабай Алтынға деген соңғы бір көңіліндегі түйткілін айта алды ма, айта алмады ма, ол да маған беймәлім». Ешкімге сырын ашпайтын мынау жалған дүниеден өзі айтқандай, көңіліндегі түйткілін түгел айта алмай, ағамыз да кетті, Аллаға ғана мәлім дүниеге! Пейіште нұрыңыз шалқысын, қаламның киесі мен иесін таныған, қазаққа талай жауһар дүние қалдырған қайран жазушым.

0
0
1637

Адам Сэндлер, Дрю Бэрримор және Дженнифер Энистонды не біріктіреді?

Голливуд жұлдыздарының биографиялық жолдары мен қызық оқиғалары "Таңшолпан" бағдарламасында. Кино – биік талғам мен үздіксіз ізденісті қажет ететін ғажайып өнер. Кино өнері алыс жақын елдердің арасын жалғастыратын алтын көпір іспетті. Кино арқылы біз бір-біріміздің мәдениет, өнер, тарихымызды және басқа да ұлттық құндылықтармызды көрсете аламыз. Голливудтың белгілі киножұлдызы Адам Сэндлер балалық шағында өте бұзық болды. Мектепте ойлап таппайтыны болмапты. Оны ағасы комедиялық қойылымдар байқауына қатыстырады. Өмірінде қанша фильмге түссе де, ішінде трагедия, шытырман оқиға немесе фантастика жанрындағы бір де бір фильм болған жоқ, барлығы – комедия. Адам Сэндлер Дрю Берримормен бірге үш фильмде басты рөл сомдаған, солардың ішінде ең таңамалы – «Алғашқы 50 сүйіс» («50 первых поцелуев») бо…

0
0
218

Бейбарыс сұлтанның шынайы есімі кім?

14 жасында тұтқынға түскен Байбарыс Дамаск қаласында бар болғаны 800 динарға сатылады. Осылайша, бала кезден қиыншылықпен өмір сүрген ол ер жүректігінің арқасында Египет сұлтанының көзіне түсіп, бүкіл сарбаздарын басқаратын «әмір» деген ең жоғары әскери шенге дейін ие болады.

Араб тарихының жазбаларында Байбарыс сұлтанның ерліктері мен қоғамдық жұмыстары жақсы сақталған. Қазақ тарихнамасында үлкен орын алатын Бейбарыс сұлтанның өмірі мен әмірлігі жайлы толығырақ «Тарих айнасы» баян етеді.

-1
1
905

Департамент басшысы Оңтүстік Қазақстан облысы соттарының жұмысымен танысты

2014 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испанов Оңтүстік Қазақстан облысының соттарын аралап, облыстық сот кеңсесінің ұжымымен кездесті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/departament-basshysy-ontustik-kazakstan-oblysy-sottarynyn-zhumysymen-tanysty

12
0
429

ЮНИСЕФ сарапшылары Семейдің №2 Ювеналды сотында

Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Біріккен  Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы   Өкілдігінің  ынтымақтастығы  аясында ЮНИСЕФ сарапшылары ағымдағы жылы кәмелетке  толмағандардың істері  жөніндегі  соттардың  қазақстандық моделін бағалау, олардың  дамуын, нәтижесімен жинақталған  тәжірибесін  құжаттандыру  бойынша  жобаны  жүзеге  асырылмақ.

http://sud.gov.kz/kaz/news/yunisef-sarapshylary-semeydin-no2-yuvenaldy-sotynda

11
0
336

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ өмірі туралы фотодеректер

ХХ ғасырдың екінші жартысынан гуманитарлық ғылымдарда «антропологизациялану» (адамға бет бұру) тенденциясы анық сезіледі. Бұл тенденция, әсіресе, кеше тоталитарлық және авторитарлық жүйеде өмір сүрген біз сияқты мемлекеттердің саяси-идеологиялық бояуда жазылған ресми тарихын қарапайым қоғам мүшелерінің тарихымен толықтыру мақсатында өзекті. Қарапайым адам тарихын жазу оның тұтас тарихи портретін жасаудан тұрады. Әлеуметтік ғылымдар бұл портретті күнделікті өмір негізінен іздейді. Осыған орай «күнделіктілік тарихы» немесе «күнделікті өмір тарихы» деген ұғымдар айналымға енді. Қазір де шетелдік тарих ғылымы күнделікті тарих деректерінің қатарында бейнелік деректерді — сурет, гравюра, фотосуреттер, фильмдер (деректі және көркем), теледидарлық бағдарламаларкелтіреді. Бейнелік деректердің арас…

1
0
3549

«ҚР Президенті Кубогы»: «Авангард» жерлестерімізді жеңіп кетті

Омбылық «Авангард» хоккейден «ҚР Президенті Кубогы» додасында елордалық «Барыс» клубын 2:1 есебімен ұтып кетті.

Бұған дейін новокузнецкілік «Металлург» пен нижнекамскілік «Нефтихимик» бақ сынасып, буллиттер сериясында 3:2 есебімен «кеншілер» жеңіске жеткен болатын.

Ертең астана уақыты бойынша 14:00-де «Авангард» — «Нефтехимик»,  19:00-де «Барыс» — «Металлург» командаларының кездесуі басталады.

Басты сөздер: АстанаСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
194

Алматы облысының құрамасы ҚБФ кубогының жартылай финалына шықты

Бүгін «Қазақстан бокс федерациясы кубогы-2014» додасының жартылай финалына соңғы жолдама сарапқа салынды. «D» тобындағы сында Алматы облысының құрамасы қарағандылықтардан 7:3 есебімен басым түсті, — деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі. «D» тобындағы тағы бір жұп — Атырау облысы мен СҚО боксшылары арасындағы кездесуде 9:1 есебімен атыраулықтар жеңіске жетті. Сондай-ақ, Оралда «B» тобының командалары бақ сынасып, Астана құрамасы БҚО былғары қолғап шеберлерін 8:2-мен қапы қалдырды. Бұған дейін бұл топтан Жамбыл облысының сайыпқырандары мерзімінен бұрын жартылай финалға өткен болатын. Енді олар жартылай финалда алматылықтармен тәжікелеседі. ½ финалдың келесі жұбы — Ақмола және маңғыстау облыстарының құрамасы. Жартылай және финалдық кездесулер дәстүр бойынша Астанада 14-15 желтоқсан күндері өт…

0
0
258

Лондонның «Арсеналы» Англияның суперкубогын жеңіп алды

Лондонның «Арсеналы» «Манчестер Ситидің» тас-талқанын шығарып, Англияның суперкубогын жеңіп алды, деп жазады Lenta.ru.

Уэмблиде өткен тартысты кездесу 3:0 есебімен Арсен Венгердің командасының пайдасына шешілді.

Қарсыластарының қақпасына Санти Касорла, Аарон Рэмзи, Оливье Жиру бір-бір голдан тоғытты. «Ситиліктер» оған жауап қата алған жоқ.

Бұл «Арсенадың» Англияның суперкубогы додасында қанжығаға басқан 13-ші жүлдесі. Соңғы рет осы жүлдені олар осыдан 10 жыл бұрын жеңіп алған болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
200

Кукушкин АҚШ-тағы «Челленждер» дәрежесіндегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Аптос қаласында өткен «Челленждер» дәрежесіндегі турнирдің финалына шықты.

Жартылай финалда ол жергілікті теннисші Уильямс Райнды 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Турнирдің бастапқы кезеңінде қазақстандық теннисші жапондық Ясутаку Учиямуды — 6:2, 6:3, екінші кезеңде британдық Джеймс Уордты — 6:3, 6:4, ширек финалда үнділік Сомдев Девварманды — 7:5, 4:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Кукушкин ақтық сында Багдатис Маркоспен кездесетін болады.

Турнирдің сыйақы қоры 100 мың АҚШ долларына тең.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
169