Адам Сэндлер, Дрю Бэрримор және Дженнифер Энистонды не біріктіреді?
Голливуд жұлдыздарының биографиялық жолдары мен қызық оқиғалары "Таңшолпан" бағдарламасында.
Кино – биік талғам мен үздіксіз ізденісті қажет ететін ғажайып өнер. Кино өнері алыс жақын елдердің арасын жалғастыратын алтын көпір іспетті.
Кино арқылы біз бір-біріміздің мәдениет, өнер, тарихымызды және басқа да ұлттық құндылықтармызды көрсете аламыз.
Голливудтың белгілі киножұлдызы Адам Сэндлер балалық шағында өте бұзық болды. Мектепте ойлап таппайтыны болмапты. Оны ағасы комедиялық қойылымдар байқауына қатыстырады. Өмірінде қанша фильмге түссе де, ішінде трагедия, шытырман оқиға немесе фантастика жанрындағы бір де бір фильм болған жоқ, барлығы – комедия.
Адам Сэндлер Дрю Берримормен бірге үш фильмде басты рөл сомдаған, солардың ішінде ең таңамалы – «Алғашқы 50 сүйіс» («50 первых поцелуев») болып табылады.

Дрю Берримор нағыз актерлік отбасыда дүниеге келген, оның ата-бабасы 19 ғасырда Америка жұртшылығын тамсатқан актерлер болған. Дрю кинода 5 жасынан бастап түскен. Оның түскен фильмдердің бәрі бірге әлемдік прокатта 2,3 млрд доллардан астам касса жинапты.

Адам Сэндлермен бірге комедиялық жанрда көптеген рөлдерді сомдаған актриссалардың бірі – Дженнифер Энистон. Жас шағында газет тасымалдаушы, еден жуушы, тіпті даяшы да болып қызмет атқарған. Оның таланты тек актерлікпен шектелмейді. Дженнифер сурет салудың хаш шебері. Оның салған картиналары бірнеше көрмелерде қойылды.
