Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақтың көрнекті ақын қызы – Фариза Оңғарсынова

«Өлең» дейтін қасиетті өнердің қазанында қайнаған рухы асқақ, мұраты анық нәзік жанды ақындарымыздың ел-жұртына берген еселі еңбегі тек қана құдіретті өлеңдерімен ғана өлшенбек. Жас ғұмырын Қыз Жібектің көшіндей сәнге де, әнге де бөлеген ақындарымыздың қатарында шыншылдығымен өлеңге өр мінез берген Фариза Оңғарсынованың орны ерекше.

Өлең өлкесінде өрнекті ізін салып, рухы мен сезімін, мұңы мен шерін өлеңге ғана арнаған ару ақынымыз оқырманның талғам-таразысынан өтіп, кестелі жырдың керім әуенін тыңдатып келеді. Қазақ қыздарының образын тәтті өлеңмен сәтті өре білген Фариза Оңғарсынованың сүбелі жырлары оқырманға айрықша ой салады. Ендеше, қазақтың ақын қыздарының бірегейі Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен «Ғажайып туынды» бағдарламасында жете танысайық!

-1
0
4539

Белді университеттің бедерсіз жазуы

Фейсбук әлеуметтік желісінің бір жақсы жағы бар, мұндағы қолданушылар күнделікті күйбең тіршіліктерімен қоса, өмірдің кейбір қателіктерін парақшаларына салып отырады. Мақтау-мадақтаумен қатар, сыни қатаңдық та бұл әлеуметтік желіде айтарлықтай сақталған. Тіліміздің жайы да жиі қозғалатын алаң дәл осы – фейсбук. Мәселен, мемлекеттік тілімізге атүсті қаралған мына мәтін фейсбукта шу көтеріп жүр. Бұл мәтін kaznu.kz сайтындағы "факультеттер" айдарында "философия және саясаттану" бөлімінің ең басында орналасқан. Кірген адамға шоқшиып тұратын мәтінді оқысаңыз жағаңызды ұстайсыз. Мәтінге назар аударатын болсақ, мұнда "философиялық" деген сөзден кейін үтірмен қатар нүкте қойылған. Әрине, қазақ тілінде болсын, басқа тілде болсын ешқашан үтірден кейін нүкте қойылмайды. Ал, әлеуметтану, психология-п…

0
0
451

Өнегелі өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі

Прокуратура органдарының ардагерлері одағының төрайымы

Гүлжан Аманбайқызы Қарақұлова – 70 жаста

«Қазақстан Республикасы прокуратура органдары ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің Республикалық одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі құрылғанынан бері 4 жылдан аса уақыт өтті. Бүгінде Одақ өз алдына қойылған міндеттерді сәтімен жүзеге асырып келеді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/makalalar/onegeli-omir-zholy-oskelen-urpakka-ulgi

0
0
1129

«Тетрадь» сөзінен қашан құтыламыз?

Міне, бір айға жетер-жетпес уақыт­тан соң алғашқы қоңырау соғылып, бүлдіршіндер қолына қалам мен дәптер, жоқ, дәптер емес тетрадь ұстап мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Қаламға қадалатын ойым жоқ. Тек сол қалам сиясын ақтарып, серігіне айналатын дәптері бар емес пе?! Анығырақ айтсам, дәптер кімдікі екенін айқындап тұратын жасыл бетін сөз еткелі отырмын. Мұқият қарасаңыз, сол дәптердің мұқабасындағы тірек сөздер орыс тілінде. Алтын ұя мектеп есігін ашқан бүлдіршін әріп танысымен «Тетрадь» деп тілін бұрап орысша шүлдірлеп кететіні рас. Әріп таныған сәтінен орысша тіл сындырған баладан ел қандай үміт күтетінін ойланып көрейікші. Орыс мектебінің оқушылары үшін мұқабадағы «для», «учени», «класса», «школы» деген сөздер дәптер толтырудың дайын үлгісі болса, қаракөздеріміз үшін бұндай үлгі жоқ.…

0
0
1253

Абай күні

Түрлі ұлттардың жастары хакімнің өлеңдері мен қарасөздерін нәшіне келтіріп тұрып оқыды

Өскеменнің орталық алаңындағы Абай Құнанбаев ескерткіші жанында «Абай күні» салтанатты іс-шарасы өтті. Келер жылы хакімнің туғанына 170 жыл толады. Осынау ұлы тойдың дайындық шаралары ақынның туған өлкесінде қазірдің өзінде басталып кетті.

– Біз биыл «Абай күнін» дәстүрлі түрде екінші мәрте өткізіп отырмыз. Аталған іс-шара аясында барлық мәдени мекемелерде арнаулы кештер ұйымдастырылды. Келесі жылы дала данасының 170 жылдық мерекесін кеңінен атап өтетін боламыз, – деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Толығырақ: http://egemen.kz/?p=33897

0
0
385

Ақтауда алаяқтардың банкоматтан ақша алуының жолы кесілді

АСТАНА. 5 тамыз. Ақтау қаласының тұрғыны банкоматтағы скиммерді байқап қалып, алаяқтардың бөтеннің ақшасын алып кетпек болған әрекеттеріне кедергі келтірді. Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Ақтау ішкі істер басқармасынан хабарланғандай, «Казкоммерцбанктің» клиенті банкоматта тұрған скиммер қондырғысын байқап қалып, алаяқтардың одан ақша алып кетпен болған әрекеттеріне кедергі келтірген. Ер кісі банкоматтан скиммерді көргесін банктың колл-орталығына телефон арқылы хабарласып, болған оқиғаны айтып берген. Оқиға болған жерге келген қауіпсіздік бөлімінің маманы банкоматты тексеріп, полицияға шағым жазған. Банк осыдан кейін облыс орталығындағы барлық банкоматтарда скиммерлік қондырғылардың бар-жоғын тексеруді қолға алған.

толығырақ: http://egemen.kz/?p=33478

0
0
256

Қостанайда қоғамдық тәртіпті бұзған 6 десантшы жауапкершілікке тартылды

ҚОСТАНАЙ. 6 тамыз. Қостанай қаласында әуе десантшылары әскері күні мерекесін атап өткен 6 сарбаз тәртіп бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тарата айтар болсақ, 2014 жылдың 2 тамызында өздерінің төл мерекесінде жолақты көйлек киген 4 десантшы орталық гүлзардағы субұрқаққа шомылғысы келеді. Сарбаздарға осында кезекшілікте жүрген полицейлер құрылғылары электр тогымен жұмыс істеп тұрған мұндай жерге шомылуға тиым салынғанын білдіретін ескерту тақтайшаны көрсетіп, олардан суға түспеулерін талап етеді. Алайда, арақ ішкен төрт десантшы ескертуді тыңдағысы келмейді. Содан, полицейлер десантшыларды ішімдік ішкенін тексеретін арнайы орынға апарады. Медициналық сараптама олардың едәуір масаң екенін көрсетіп береді. Нәтижесінде, сарбаздар әкімш…

0
0
266

Астанада кәсібін жаңа бастаған азаматтарға грант ұтып алуға мүмкіндік бар

АСТАНА. 11 тамыз. Істің көзін тауып, кәсіппен шұғылданамын деген елордалық азаматтар грант ұтып алу үшін өтінім беруде. Бұл туралы astana.kz хабарлады. Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы елорда тұрғындарының арасындағы бизнеспен шұғылдануға ниет білдірген, арнайы бөлінген грантты ұтып алуға талаптанған азаматтардан 1 қазанға дейін өтінім қабылдайды. Байқауға қатыспас бұрын олардың «Бизнес кеңесші», «Бизнес кеңесші-I» және «Жас кәсіпкерлер мектебінен» секілді сындардан өтуі шарт. Барлық қажетті құжаттар мен байқауға қатысу туралы өтінімді басқарманың Бейбітшілік көшесі-11 мекен-жайында орналасқан 522-кабинетіне қалдыру керек. Басқа да қосымша ақпаратты 55-69-95, 55-69-16, 55-69-21 телефон нөміріне хабарласып білуге болады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: astana.kz. Фото: astana.…

0
0
264

Елордалық полицейлер бір аптада жылдамдықты арттырған 800-ге тарта жүргізушіні анықтады. «Bnews.kz», 12.08.2014ж.

Бір апта ішінде Астанада 6,5 мыңнан аса ЖҚЕ бұзушылығының жолы кесілді, соның ішінде 774 адам жылдамдықты арттырған, деп хабарлайды BNews.kz ІІД ӘПБ-ға сілтеме жасап.

Елордалық Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлағандай, өткен аптада жол қозғалысын қадағалау кезінде жол ережесін бұзудың 6,5 мыңнан аса фактісі тіркелді.

«Атап айтар болсақ, 774 факті жылдамдықты арттыруға қатысты, қауіпсіздік белдігін тақпай көлік айдағаны үшін 511 жүргізуші ұсталды, 134 – апат жағдайын тудырғаны үшін, 53 адам көлікті мас күйінде басқарған», - делінген хабарламада.

Бұған қоса, 540-тан аса жаяу жүргінші жол ережесін бұзды.

0
0
194

Қажымұқанға жасалған қастандық

1938 жылы жазға салым Тәжікстандағы бүкіл қазаққа Қажымұқан палуан келе жатыр деген хабар тарады. Қазақ атаулы түгел құлақтанып, тәжіктерге өздерінің кім екенін білдіретін мүмкіндік туғанына қуанды. Жалпы, Тәжікстан кеңес өкіметі кеш орнаған республика болатын. Алыс таулы аудандарда кеңестік тәртіпті мойындамау, бағынбау, басмашылық, қарақшылық қырқыншы жылдарға дейін созылды. Сондықтан ба екен, айналада кімнің дос, кімнің жау екенін ажырату оңай емес-тін. Бірақ тәжіктердің көбі кіммен болса да ортақ тіл табысып, қазақтарға жақсы қарады. Өз басым әке-шешемді қалтқысыз құрметтеген талай тәжікті білемін. Көп кешікпей зарыға күткен цирк те келіп, (біздің үйге жақын жердегі) базар алаңына шатыр тікті. Шағын вагондар қатарласа тізіліп, үйретіл­ген жануарларға (ат, түйе, аю, ешкі, ит) ашық қо­р…

1
0
776