Кукушкин АҚШ-тағы «Челленждер» дәрежесіндегі турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Аптос қаласында өткен «Челленждер» дәрежесіндегі турнирдің финалына шықты.
Жартылай финалда ол жергілікті теннисші Уильямс Райнды 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Турнирдің бастапқы кезеңінде қазақстандық теннисші жапондық Ясутаку Учиямуды — 6:2, 6:3, екінші кезеңде британдық Джеймс Уордты — 6:3, 6:4, ширек финалда үнділік Сомдев Девварманды — 7:5, 4:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Кукушкин ақтық сында Багдатис Маркоспен кездесетін болады.
Турнирдің сыйақы қоры 100 мың АҚШ долларына тең.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев 

Басты сөздер: Спорт

