Мазмұнға өту

Жаңа

«Бахытты жол» ЖШС мемлекеттік тілде жіберіген қатесін түзетті

Жоғарыдағы суретті тіл сақшымыз Ақырыс Әкімғалиева бірер жетіден бұрын жіберген болатын. Содан кейін біз өз тарапымыздан мекеме басшылығына қоңырау шалдық. Өкінішке орай, бастық орнында болмай, айтар өтінішімізді хатшы қыз тыңдап алған еді. Араға уақыт салып, енді хабарласайық деп отырғанда Ақырыс мына фотосуретті жіберіп отыр. Қыр соңына түспей, қайта-қайта мазаны қашырмай қате жөнделмейтініне үйреніп қалған біз таңырқап қалдық. Себебі қате бір айтқаннан жедел түзелді. Қысқасы, қуаныштымыз. Осындай қуанышымыз көп болғай! Келесіде мұндай қарым-қатынаста таң қалыс білдірмей, солай болуы керек деп қабылдайтындай күнге жетейік. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
470

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының үшінші күні де тартысқа толы болмақ

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының үшінші күні де тартысты өтпек. Бүгін Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында таңғы сағат 10:00-да 77 келі салмақ категориясы бойынша ерлер «D» тобында, «С» тобында (12:00), «В» тобында (16:00) сынға түседі. Ал, кешкі сағат 16:00-де 58 келі салмақ санатында «В» тобында, «А» тобында (19:00) сынға түсетін әйелдер бағын сынайды. Естеріңізге сала кетейік, аталған салмақ бойынша әйелдер арасында қазақстандық Сәуле Садуақасова жарысқа қатысады деп жоспарланған болатын. Кейін ұйымдастырушылардың шешімімен спортшы жарыстан шығып қалды. Жарыстан тыс қалғандардың ішінде жақында жаттығулардың бірінде жарақат алған Светлана Подобедова да бар. Дүбірлі доданың екі күні қазақстандық спортшылар үшін нәтижесіз болған жоқ. Кеше Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло әлем чемпио…

0
0
369

Зүлфия Чиншанло әлем рекордын жаңартып, алтынға қол жеткізді

Қазақстан қанжығасына алғашқы алтынды зілтемірші 53 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсетіп жатқан Зүлфия Чиншанло әкелді. Қоссайыста 232 келіні бағындырған ол серпе көтеруден 134 келіні көтеріп, өзі орнатқан әлем рекордын жаңартты.

Екінші орында жалпы есепте 218  ұпай жинаған тайпейлік Сю Чу Чжин тұрақтады. Естеріңізге сала кетейік, тайпейлік спортшы Инчхондағы Азиада ойындарында Зүлфияның алдын орап алтын алып кеткен болатын.

Әлем чемпионатының қола жүлдесін 213 ұпаймен қытайлық спортшы Ли Я Чжин иеленді.

Бұған дейін кеше жарыс жолына шыққан Арли Чонтей алтыншы орынмен ғана қанағаттанса, қыздар арасынан Маргарита Елисеева алғашқы айналымнан аса алмады.

   

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат

Басты сөздер: Спорт
0
0
359

Қызылорда облысының әкімі маусымды сәтті аяқтаған «Қайсар» командасын құттықтады

Футболдан ел біріншілігі аяқталды. Чемпионатта қызылорданың намысын қорғаған «Қайсар» үздік бестікке табан тіреді. Маусымның жабылу рәсімі салтанатты түрде өтіп, жанкүйерлер командаға ризашылықтарын білдірді. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. Өткен жылы Бірінші лигада өнер көрсеткен қайсарлықтар үшін үздіктермен текетіресу оңайға соқпады. Әрбір ойында жеңіс үшін жандарын салды. Соңғы турда Қарағандының «Шахтерын» 2:1 есебімен жеңіп, ел біріншілігінде бесінші орынды иеленді. Жалпы маусымда қайсарлықтар 32 матч өткізіп, оның 10 ойынында жеңіске жетті. 13 кездесуді тең нәтижемен аяқтады. Қарсыластар қақпасына 30 гол соғып, өздері 34 гол жіберіп алды. Аяқдопшыларды футбол маусымының аяқталуымен құттықтаған аймақ басшысы келер жылы жүл…

0
0
263

ОҚО спортшылары кикбоксингтен ҚР Кубогында сегіз алтын жүлдеге қол жеткізді

Республиканың барлық аймақтарынан 146 кикбосшыны жинаған ҚР Кубогы жарысы Қарағанды қаласында өтті. Бұл дода елге еңбегі сіңген жаттықтырушы Елтай Балтабековты еске алу құрметіне ұйымдастырылған, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Спорт бәсекесі 6-9 қараша аралығында Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында WAKO-KAZAKHSTAN Кикбоксинг федерациясының ережелері бойынша жеке-командалық есепте толық контакт және К-1 бойынша өтті. Жарыс өткен төрт күннің қорытындысы бойынша ең көп алтын медальді Оңтүстік Қазақстанның атынан келген кикбоксерлер еншіледі. Жарыс иелері барлық ережелер бойынша небары үш алтын жүлдені еншіледі. К1: 51 кг — Төлегенов Нүркен (ОҚО) 54 кг — Сапаров Нұрсұлтан (Қызылорда) 57 кг — Құдайбергенов Бауыржан (ШҚО) 60 кг — Төлегенов Әлкен (ОҚО) 63,5 кг — Нұрғалиев Қанағат (ШҚО) 67 к…

0
0
520

Атырауда грек-рим күресінен халықаралық біріншілік өтті

Атырауда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық біріншілік өтті, деп хабарлады www.24.kz. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан, сондай-ақ, Өзбекстан, Түрікменстан және Ресейден барлығы 200-дей спортшы қатысты. ҚР спорт шебері, Азиада ойындарының күміс жүлдегері Мырзабек Атбаевты еске алуға арналған турнирге грек-рим күресінің майталмандары 24 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Екі күнге созылған сайыс соңында 42 келі салмақта алматылық Ерасыл Нұрболсынов үздік шықса, 46 келіде өзбек спортшылары топ жарды. Ал 50, 54, 58 салмақта сынға түскендер арасында астаналық Диас Күресбай мен қалмақ елінен келген Артем Учергараевтың мерейі үстем болды. Атырау балуаны Асылбек Қосаманов та осы қатарда. Сөйтіп, жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан спортшылары жеңіс тұғырына көтерілді…

0
0
300

300 кг жайын балығы Атырау облысының тұрғынынан тәркіленді

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері балық қорғау шараларын жүргізу барысында Шароновка өзенінде Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылының тұрғынының басқаруымен «Вихрь-30» моторы орнатылған «Обь» қайығы тоқтатылды.

Тексеріс барысында 300 кг  жайын балығы, қолдануға тыйым салынған 2 аулау құралы мен 60 метрді құрайтын ау тәркіленді.

Жинақталған материал құқық қорғау органдарына жіберілді.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

+7 (7172)55-57-65

E: [email protected]

W: www.minagri.gov.kz

0
0
1298

Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.

Негізгісінен бастайық. Зүлфия Чиншанло ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы алғаш алтынды иеленді. Алматыдағы Балуан Шолақ сарайының түндігі 134 келі көтеріп, әлемдік рекордты жаңартқан Зүлфияның есімімен жаңғырықты. Ұзағынан сүйіндірсін!!! Ал енді рет-ретімен. Балуандардың бәсекесін көруге мүмкіндік берерлік Балуан Шолақ сарайына кіретін билет құны 500 - 5000 теңге аралығында. Осыған дейінгі баспасөз-мәслихатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "билеттер түгелдей дерлігімен сатылып кетті" деген еді. Билеттердің табысы кейінірек есептелінер, дегенмен де спортшыларымыз жанкүйерліктен кенде болған жоқ. Байқадыңыздар ма? Украиналық қонақтар да есе жіберген жоқ. Made in Жапония Әзірге колумбиялық спортшының бағы жанбады. Индонезия делегациясы. Чемпионат чемпионатымен, түс…

0
0
491

Қазақстандық судья Израильде өткен судьялардың халықаралық семинарына қатысты

Батыс Қазақстан облысының Казталов аудандық сотының төрағасы Е.Төлеев Израиль мемлекетінің Хайфа қаласында а.ж. 27-30 қазан айында өткен судьяларға арналған халықаралық семинар жұмысына қатысты. Семинар «Сот билігінің адамды саудаға салумен күресіндегі рөлі» тақырыбында өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstandyk-sudya-izrailde-otken-sudyalardyn-halykaralyk-seminaryna-katysty

0
0
302