Мазмұнға өту

Жаңа

Сот шығындарын өндіру туралы

Мемлекетсот істерін қарауда тараптарды сотқа шақыруға, яғни тапсырыстық хат, жеделхат жолдау үшін пошта қызметіне, ұялы байланыстың көмегімен СМС хабарламасын жолдау үшін ақы төлеуге, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарламаға және тағы басқа да шығындарға қаражат қарастырады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/sot-shygyndaryn-ondiru-turaly

0
0
450

Қазақ хандығының туында бес жұлдыз неғып жүр?

«Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатын болды» деген сүйінші хабар тарағалы бері қоғамымызда тарихқа терең үңілгісі келетін азаматтар көбейді. Содан болар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде күн сайын тарихи мәселелер қызу талқыға түсіп жатыр. Олардың бәрі дерлік көрнекі сурет ретінде ортасында белгісіз ою, шетінде үш дана бес жұлдызы бар көк тудың суретін «Қазақ хандығының байрағы» деп пайдаланып жүр. Бұл шынымен Қазақ хандығының туы ма? «Алаш айнасы» осы сұраққа жауап іздеп көрген еді... «Алаштың ақ туының астында күш біріктірген қазақтың байрағы болған жоқ» деуден аулақпыз. Себебі, көшпелі халықтар б.з. дейінгі І-мыңжылдықта ту көтеріп, ұран шақыруды әлемдік өркениетке енгізгені белгілі. Бұл аз болса, Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде тоғыз қазақ байрағы сақталғанын айтуғ…

0
0
845

Қазақстанға пиғылы теріс орыс тұлғаларына неге жалбақтай береміз?

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы қазақтың тәуелсіздігіне, дербес ел болуына күмәнмен қарайтындардың қарасы жыл өткен артып барады. Біздің егемендігімізге, еңсе тіктегендігімізге қырын қарап, тұтасқан елдің арасына ши жүгірткісі келетін жау алыстан емес, тұп-тура көрші Ресейден шығып отырғаны баршамызға белгілі. Біз бұған дейін Алматыда туып өсіп, Алматының суын ішін, дәмін татып, «қазақстандықпын» деп жүрген Жириновскийдің талай «еркелігін» көтердік. Қазақстан жайлы небір сандырақтарды айтқан оның сөздеріне біз ақыры «жырындының жыры» деп мән бермеуге айналдық. Жириновский «қазақтың территориясы Жетісу аумағымен ғана шектеледі, қазақта жер болмаған. Қазақ деген ұлт болмаған. Ол рулық деңгейінде ғана қалып қойған тайпа одағы» деп бүкіл ұлттығымызға, халықтық сипатымызға нұсқан келтіріп, намысы…

0
0
859

Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығы: жауап па, талап па?

Қазақ мемлекеттілігіне қанша жыл? Орыс тарихынан әріде ме? Осы сұрақтар төңірегіндегі әңгіме ел арасында қызу талқыланды. Әсіресе, «ұлттық партия» мүшелері, яғни журналистер қосыны әлеуметтік желіде біраз жерге апарып тастады. Әдетте елдегі мәселелердің шешілуіне бір ауыз сөзімен ықпал ететін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы да тысқары қалмады. Президент Астана қаласының активімен кездесуде келесі жылы Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын тойлауды ұсынды. Тарихымыз тым тереңде «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақ мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы…

0
0
387

Ақиқат ақтаңгерлері

Қай салада болмасын өзінің ақ адал еңбегімен халқына қалтқысыз қызмет еткен, қоғамда құрметке бөленіп, аты еліне танылған арда азаматтар арамызда әлі де баршылық. Әсіресе қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруда бастауынан зерделеп ой кенін қазған ғұламалар, зайырлы мемлекет орнату жолында тер төгіп, ел қауіпсіздігін қорғаған азаматтар жайлы ел ішінде аңыздай естеліктер аз емес. Халық жадында жатталу - біртуар азаматқа деген жұртының ырзалығы болса керек. Аңыз емес, өзіміз дидарласып, арға да, заңға да адал болып, ақиқат іздеген халқының бақытына тілеулес Ел ағалары - ардақтыларымыз туралы айдарымызды «Ақиқат ақтаңгерлері» деп атадық. Айдарымыздың алғашқы қонағы – еліміздің біртуар азаматтарының бірі, заңгерлер қауымы ұстазымыз деп бағалайтын ғалым-ұстаз, қылмыс әлеміндегі құйтұрқысы мен…

0
0
706

Ағылшын тілін үйреніп жүргендерге таптырмас материял

Тіл мен мәдениет өзара тұтас дүние, ал тілді мәдениетаралық қатысым негізінде оқыту тиімділігі өз бағасын алғалы қашан. Шет тілінің әрбір сабағы – бұл мәдениеттің тоғысуы, себебі әр шет тіліндегі сөз өзге елдің әлемі мен мәдениеті теңдес. Қазақстанда шет тілін оқытудың жаңа кезеңі басталғаннан бері, тіл үйретудің мақсат-міндеттерін, құндылығын, жалпы методология мен оқыту технологиясын қайта қарастыру қажеттілігі туындай бастады. Әлеуметтік-тарихи себептердің салдарынан, қоғамның тіл меңгерудегі мотивациясы, бұл пәнге деген қарым-қатынасы түбегейлі өзгерді. Қазақстанның әлем қауымдастығына енуі, саясат, экономика, мәдениет және ұлттық идеологиядағы үлкен қадамдар – осының бәрі шет тілін оқыту теориясында өзге бір қарбалас кезеңін тудырып, ғылым, мәдениет, техника, бизнестің әртүрлі салада…

0
0
759

Жергілікті тіл ерекшеліктерінің әдеби тілді байытудағы маңызы

Диалектолог-ғалым, профессор Ғ.Қалиев өзінің диалектология ғылымы саласындағы көп жылдық еңбегінің нәтижесінде студенттерге төмендегідей дәріс оқи отыра «... Диалектілік лексика туралы сөз болғанда, ерекше бір тоқтала кететін жәйт оның ұлттық әдеби тілге қатысы жайында болмақ. Бұл өзі – қазақ тіл білімінде көптен бері көтеріліп жүргеніне қарамастан, әлі зерттеле қоймаған мәселенің бірі. Бұл жайында айтылып жүрген пікірлер әдеби тілге кіріп орныққан немесе кіруге лайық аздаған сөздердің айналасында ғана болып келеді. СССР халықтары әдеби тілдерінің дамуы туралы 1962 жылғы бүкіл одақтық конференцияда проф. И. А. Батманов түркі тілдеріндегі диалектілердің зерттелу сипатына тоқтала келіп: «Диалектілерді статистикалық сипаттаудан енді олардың әдеби тілмен өзара байланысының, қарым-қатынасының…

0
0
1518

Тілдік үнем заңының ғылымда танылуы мен даму үрдісі

Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдің ұлттық сипатын, ұлттық танымның, рухтың тілдегі көріністерін зерттеу бағытындағы еңбектер мол екені баршамызға мәлім. Ал ойлау мен тіл арасындағы байланыстың нәтижесінде туындайтын үнемдеу заңының тілдің жүйесіне, құрылымына және оның әр деңгейіне ықпалы – зерттеуді күтіп тұрған қазақ тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі. Сонымен қатар үнемдеудің заң ретінде лингвистикалық мәртебесінің нақтыланбауы, тілде лингвистикалық заң, заңдылық, құбылыс ұғымдарының диффинициясы ажыратылмай жарыса қолданылып жүруі де бұл зерттеудің өзектілігін танытады. Тіл білімінде үнемдеу әр қырынан қарастырылды. Айталық, орыс тіл білімінде Бодуэн де Куртенэ үнемдеуді принцип ретінде қарастырды. Ол сөйлеу кезіндегі ықшамдалудың ыңғайлылыққа, біркелкілікке ұмтылатынын: а) дыбы…

0
0
839

Оқытудағы ойын технологиясы

 

Ойын –оқу үдерісіндегі оқытудың  формасы әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды оқытушы мен тыңдаушының бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
1725