Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырауда грек-рим күресінен халықаралық біріншілік өтті

Атырауда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық біріншілік өтті, деп хабарлады www.24.kz.

Оған Қазақстанның барлық облыстарынан, сондай-ақ, Өзбекстан, Түрікменстан және Ресейден барлығы 200-дей спортшы қатысты. ҚР спорт шебері, Азиада ойындарының күміс жүлдегері Мырзабек Атбаевты еске алуға арналған турнирге грек-рим күресінің майталмандары 24 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Екі күнге созылған сайыс соңында 42 келі салмақта алматылық Ерасыл Нұрболсынов үздік шықса, 46 келіде өзбек спортшылары топ жарды. Ал 50, 54, 58 салмақта сынға түскендер арасында астаналық Диас Күресбай мен қалмақ елінен келген Артем Учергараевтың мерейі үстем болды. Атырау балуаны Асылбек Қосаманов та осы қатарда. Сөйтіп, жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан спортшылары жеңіс тұғырына көтерілді.

Басты сөздер: Атырау облысыСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
294

Осы тақырып бойынша

Атырауда грек-рим күресінен халықаралық біріншілік өтті - Yvision.kz