Мазмұнға өту
Abitaevna

Abitaevna

Сайтта 2014 ж. 25 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

11

пікір

1

тіркелуші

1

жазылу

1

Біз жеңдік! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 8-күні

2012 ж  Лондонда өткен Олимпиада алтыннан алқа таққан Илья Ильин  бұл жолы да чемпиондық атақты 4-ші рет дәлелдеді. Қалғанын суреттер сөйлесін

Қарсыластар. 1997 ж Армян азаматы Мартирорус Саймон

Өзбекстандық Руслан Нуриддинов, қола медаль иегері.

Ресейлік спортшы

Алғашқы мүмкіндіктердің бірі

Жаңа рекорд

Чемпиондар командасы

Жеңіс ұзағынан болғай!  Рио 2016-да жолыққанша!

0
0
818

Аспаннан нұр жауған күн... Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 7-ші күні

Қазақ спорты тарихында тұңғыш рет алтын алған Жасұлан Қадырбаев , күмісті кеудесіне қондырған Владимир Седов және Жазира Жаппарқұл. Төгілген жас, шартарапқа жайылған қуаныш, чемпиондардың шынайы көңілі. Біз үшін жемісті болған 7-ші күннің жеңісті сәттеріне куә болыңыздар. Бұл күні Балуан Шолаққа жиналған көрермен алтын жолындағы алғашқы үмітін Мая Манезадан күткен еді. Алайда спорттық карьерасын отбасылық өмірмен жалғастырған олимипиада чемпионы бұл жолы 8-ші орыннан көрінді. Айта кету керек, 2012-жылдан кейін енді қатысып тұрған ірі сайысы. "Әруақ" деп Балуан Шолақ сарайын дүр сілкіндірген Жазира Жаппарқұл. Жұлқа көтеруде 118 келіні, серіппе көтеруде 144 келіні еңсеріп күмісті еншіледі. Бірінші орын 265 келіні көтерген КХДР спортшысы Ун Рио, қола медаль 261 келімен Қытайлық Ченде. Жазира…

0
0
647

Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.

Негізгісінен бастайық. Зүлфия Чиншанло ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы алғаш алтынды иеленді. Алматыдағы Балуан Шолақ сарайының түндігі 134 келі көтеріп, әлемдік рекордты жаңартқан Зүлфияның есімімен жаңғырықты. Ұзағынан сүйіндірсін!!! Ал енді рет-ретімен. Балуандардың бәсекесін көруге мүмкіндік берерлік Балуан Шолақ сарайына кіретін билет құны 500 - 5000 теңге аралығында. Осыған дейінгі баспасөз-мәслихатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "билеттер түгелдей дерлігімен сатылып кетті" деген еді. Билеттердің табысы кейінірек есептелінер, дегенмен де спортшыларымыз жанкүйерліктен кенде болған жоқ. Байқадыңыздар ма? Украиналық қонақтар да есе жіберген жоқ. Made in Жапония Әзірге колумбиялық спортшының бағы жанбады. Индонезия делегациясы. Чемпионат чемпионатымен, түс…

0
0
476

Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.

2012 жыл, Лондон 2016 жыл, Рио-де-Жанейро. Жазғы Олимпиада ойындары. Ал, әзірге, 2014 жылдың аялдамасы Алматыда болмақ. 8-қараша күні Оңтүстік Астанада ауыр атлетикадан әлем Чемпионаты басталды. 2 жыл бұрын доп қуалап, қара терге малшынатын ағылшын мырзаларға нағыз қара күштің иесін танытқан спортшыларымыз үшін тағы да тақым қысатын уақыт келді. АПЛ-дың ала добы еске түспей тұрғанда, ауыр атлетикамен тағы да таныс болайық. Оңтүстік Астана, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, 1-күн. Негізгі бәсеке таңертең 9-дан бастап өткенімен, жұлқу мен серіппе "өнерінің" ресми ашылуы 17:30-дан басталды. Оған дейін, баспасөз-мәслихат залы, 16:30 17:30, Ашылу салтанаты. Қазақ эстрадасының әншілері Балуан Шолақтағы бәйгеден маңыздырақ шараға дайындалып жатқан болса керек. Әзірге (естіген құлақта жазық жоқ…

1
0
465

Ұлы Мәртебелі Футбол. Әлем Чемпионатының «алаң сыртындағы» әңгімелері, ІІ бөлім.

«Жапония мен Оңтүстік Кореяда шығындалған қаржыға екі Әлем Чемпионатын өткізуге болар еді.» Зепп Блаттер, FIFA президенті 2002 жылғы әлем чемпионатын ерекше атап өтуге болады. А, бірінші рет мундиаль екі елде қатар өткізілд және Б, екі ел арасындағы нағыз бәсеке алаңына айналды. 21 ғасырдың пердесін түрген Чемпионаттың өтуіне 8 млрд доллар жұмсалып, сол кездегі ең қымбат спорттық мерекеге айналды. Азияға қадам басқан ФИФА-ның бұл шешіміне Ұлы мәртебелі футболға жаңа есіктер ашу еді яғни геосаясат ықпал етті. Ал, Оңтүстік Корея мен Жапонияның өз есебі болды. Корейліктер 1997 ж кризис шайқалтып кеткен бизнестерінің имиджіне деген оң көзқарасты көтергісі келді. Жапондықтар осы шоу арқылы он жылдық рецессияда қалған экономикасына жаңа импульс беруді мақсат тұтты. Бірақ, ортақ мүдденің бар еке…

0
0
566

Ұлы мәртебелі Футбол. Әлем Чемпионатының «алаң сыртындағы» әңгімелері, І бөлім.

2010 ж Торонтада Үлкен жиырмалықтың саммиті өтіп жатыр. Халықаралық экономика тақырыбынан бөлек біршама уақыт алған .... футбол жайы еді. Тіпті екі сағат көлемінде екі елдің басшылары қайта-қайта залдан шығып, теледидардан матчтың барысын бақылап тұрды. Жеңіліп қалған ел басшысының көңіл-күйі түсіп кеткедігі сонша, біз тағы да бірнеше минутты ойынды талқылауға арнадық. Ал соңында барлығына вувузельдер сыйлағанда олардың қуанғандарын көрсеңіздер ғой. Правин Гордхан, ОАР қаржы министрі Әлемдегі нөмірі бірінші ойынға айналғалы бері футболға бизнес-жоба статусы да қосылды. «Әуелете асырылған пас» пен «керемет соққы» туралы комментарийлер 90 минут және кейінгі уақыттың еншісіндегі тақырыптар. Миллиондаған жанкүйерге түсінікті. Аз ғана топтың ортасында, бірақ миллиардтар туралы да болатын әңгім…

1
0
868

Шындығы басқа ертегі...

Уилл Смит, Эндрю Гарфилд, Джонни Депп, "Тачки" мен "Монстарлар". Қазақ болудың ендігі кезегі Анджлина Джолиге келді. Дәлірек айтқанда "қазақша" сиқыршы болады. Қазақша деуіміз артығырақ, ұлтына қарап бөлінген сиқыршыны кезіктірмедік. Бірақ, қазақ тілінде "сайрайтын" Голливуд актерлерінің тағы бір дүниесі келгені рас. "Трансильваниядағы қонақ үй" , "Мегамозгты" көргендер үшін дәл бұлайша өрбитін сюжет алып бара жатқан жаңалық бола қоймауы да мүмкін. Дегенмен де адамдардың көзімен танып үйреніп қалған зұлым кейіпкерлердің "обьективті" автобиографияларын өздері баяндап берулері шын мәнінде ынтықтырады. Актерлер құрамы сәтті таңдалған. Сұсты да сұлу Анджелин Джоли бір төбе десек, Аврора ханшайымның бала кезін сомдаған оның қызынан (иә, Анджелина Джолидің қызы Виньен Джоли-Питт) бастап, тыным…

0
0
1413

Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы

Әрбір дамыған елдерде 2 деңгейлі банк жүйесі қалыптасқанымен, Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда Мемлекеттік Банк, Сыртқы Сауда Банкі және Құрылыс Банктерінен құралған бір деңгейлі банк жүйесі болған еді. Елдің басты банкі ретінде Мемлекеттік банк ақша-несие саясатына жауап берді: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу, несиені жоспарлау мен пайыздық саясаттың принциптерін анықтады. Өз кезегінде Сыртқы Сауда Банкі экспортты-импортты операцияларға есептеулер жүргізіп отырса, Құрылыс Банкі Мемлекеттік Банктің халық шараушалығын қаржыландыру деген шешімін орындап отырды. 1987 ж Коммунистік Партияның Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің біріккен шешімімен екі деңгейлі банк жүйесін құру деген қаулы шығарды. Бұл жүйе Орталық банктен және бірнеше мемлекеттік салаландырылған банктерден…

1
0
10572

Жаңа Өрмекші-Адам: Миссия орындалды.

24 сәуірден бастап барлық кинотеатрларды «Жаңа Өрмекші-Адам: Қуатты кернеу» атты Sony Pictures компаниясының кезекті туындысы қазақ тілінде көрерменге жол тартады. Өрмекші-Адамның бет-бейнесіндегі супергерой, сүйікті қызы Гвэн және сәтсіз тәжірибенің құрбандығы болған жағымсыз кейіпкерлердің төңірегінде өрбитін туынды бұл жолы негізгі құпиясымен бөліспек. Осыған дейін Мэй тәтесі мен Бэн ағасының қамқорлығында өскен Питер Паркер бұл жолы өзінің әке-шешесіне қатысты шындықтың беті ашады. Бұл туралы толығырақ 24 сәуірден бастап біле аласыздар, ал әзірге фильм туралы бірер фактілер. - Негізгі актерлік құрам өзгермеген. Басты ролде Эндрю Гарфилд пен Эмма Стоун кейіпкерлерінің арасындағы жанқиярлыққа толы махаббат көрінісіне куә боламыз. - Фильм арнайы эффектілерге сараңдық танытпаған. Ең басты…

0
0
950

Банктерге сенім бар....

Орыс мақалы "қаз балапандарын күзде санайды" демеуші ме еді. Девальвацияның дағдарысынан кейін осының да реті келді. WhatsApp арқылы таралған дүрмектен кейін смс-шабуылға ұшыраған 3 банктен салымшылар 169 млрд теңгеге жуық қаржыны алып кеткен. Оның ішінде ЦентрКредит жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%, Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%. Бұл Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес болжанған көлемнен 20-30%-ға төмен. Осы ақпаратқа орай kaspi bank-тің баспасөз қызметі арнайы хабарлама таратты. Олардың мәлімдеуінше қазіргі таңда салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35%-ы қайта оралған. Банк басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді: «Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр.…

0
0
349