Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.

Негізгісінен бастайық. Зүлфия Чиншанло  ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы алғаш алтынды иеленді.  Алматыдағы Балуан Шолақ сарайының түндігі  134 келі көтеріп,  әлемдік рекордты жаңартқан  Зүлфияның есімімен жаңғырықты. Ұзағынан сүйіндірсін!!!

Ал енді рет-ретімен.

Балуандардың  бәсекесін көруге мүмкіндік берерлік Балуан Шолақ сарайына кіретін билет құны 500 - 5000 теңге аралығында. Осыған дейінгі баспасөз-мәслихатында  Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы "билеттер түгелдей дерлігімен сатылып кетті" деген еді.  Билеттердің табысы кейінірек есептелінер, дегенмен де    спортшыларымыз жанкүйерліктен кенде болған жоқ.

Байқадыңыздар ма?

Украиналық қонақтар да есе жіберген жоқ.

Made in Жапония

Әзірге колумбиялық спортшының бағы жанбады.

Индонезия делегациясы. Чемпионат чемпионатымен, түскі астың жөні бөлек.

Түркиялық бауырлар.

16:00 де басталған  56 келі арасындағы қыздар жарысы бойынша  отандасымыз Зүлфия Чиншанло  жұлқа және серпе көтеруде барлығы 236 келі көтерді. 218 келі көтерген тайпейлік Сюй Шуцзин күміс медаль, қытайлық Ли Жансун барлығы 214  келі көтеріп қола медаль иеленді.

АЛ кешкі сағат 19:00-де 67-68  салмақ арасындағы ерлер бәсекесі басталды. Айта кету керек, серпе көтеру жігіттерге барынша ауыр тигендей.  2-3 мүмкіндікті көбісі дерлік пайдалана алмады.

Қазақстан намысын қорғаған Алберт Линдер 305 келімен 10-шы орыннан көрінді. Бар болғаны 1996 жылғы.

Бұл сайыстың рекордын 359 келі көтерген қытайлық  Ляо Хуэй орнатты.

Алдағы бір аптаның нағыз тартысты бәсекеге  толы болары сөзсіз. Әзірге түпу-түпу, көз тимесін!

   
0
0
478

Осы тақырып бойынша