Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бахытты жол» ЖШС мемлекеттік тілде жіберіген қатесін түзетті

Жоғарыдағы суретті тіл сақшымыз Ақырыс Әкімғалиева бірер жетіден бұрын жіберген болатын. Содан кейін біз өз тарапымыздан мекеме басшылығына қоңырау шалдық. Өкінішке орай, бастық орнында болмай, айтар өтінішімізді хатшы қыз тыңдап алған еді. Араға уақыт салып, енді хабарласайық деп отырғанда Ақырыс мына фотосуретті жіберіп отыр. Қыр соңына түспей, қайта-қайта мазаны қашырмай қате жөнделмейтініне үйреніп қалған біз таңырқап қалдық. Себебі қате бір айтқаннан жедел түзелді. Қысқасы, қуаныштымыз. Осындай қуанышымыз көп болғай! Келесіде мұндай қарым-қатынаста таң қалыс білдірмей, солай болуы керек деп қабылдайтындай күнге жетейік. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
461

Осы тақырып бойынша