Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ОҚО спортшылары кикбоксингтен ҚР Кубогында сегіз алтын жүлдеге қол жеткізді

Республиканың барлық аймақтарынан 146 кикбосшыны жинаған ҚР Кубогы жарысы Қарағанды қаласында өтті.

Бұл дода елге еңбегі сіңген жаттықтырушы Елтай Балтабековты еске алу құрметіне ұйымдастырылған, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Спорт бәсекесі 6-9 қараша аралығында Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында WAKO-KAZAKHSTAN Кикбоксинг федерациясының ережелері бойынша жеке-командалық есепте толық контакт және К-1 бойынша өтті.

Жарыс өткен төрт күннің қорытындысы бойынша ең көп алтын медальді Оңтүстік Қазақстанның атынан келген кикбоксерлер еншіледі. Жарыс иелері барлық ережелер бойынша небары үш алтын жүлдені еншіледі.

К1:

51 кг — Төлегенов Нүркен (ОҚО)

54 кг — Сапаров Нұрсұлтан (Қызылорда)

57 кг — Құдайбергенов Бауыржан (ШҚО)

60 кг — Төлегенов Әлкен (ОҚО)

63,5 кг — Нұрғалиев Қанағат (ШҚО)

67 кг — Сметенов Жанат (Павлодар)

71 кг — Сауырбаев Артур (Павлодар)

75 кг — Жақыпов Саян (Павлодар)

81 кг — Артықбаев Бабур (ОҚО)

86 кг — Ысқақов Шыңғыс (Астана)

91 кг — Смирнов Андрей (БҚО)

 

фулл-контакт (толық қатынас):

51 кг — Ералиев Нұрділда (Жамбыл)

54 кг — Шағбан Ерлан (Астана)

57 кг — Баязитов Руслан (Қараганды)

60 кг — Жақыпов Дәулет (Павлодар)

63,5 кг — Хамбаров Жандос (Павлодар)

67 кг — Айыпов Арман (ШҚО)

71 кг — Қасамбаев Ерсайын (Павлодар)

75 кг — Әсет Мейірлан (Атырау)

81 кг — Қанаев Ғалымжан (ОҚО)

86 кг — Жексенбі Берік (Маңғыстау)

+91 кг — Жантұрсынов Асхат (Жамбыл)

 

Фулл-контакт (қыздар арасында):

48 кг — Жайықбаева Айназ (Көкшетау)

56 кг — Тұяқбай Аида (ОҚО)

60 кг — Ни Марина (Қарағанды)

65 кг — Фей Александра (ШҚО)

70 кг — Братухина Екатерина (Қарағанды)

     
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
513

Осы тақырып бойынша

ОҚО спортшылары кикбоксингтен ҚР Кубогында сегіз алтын жүлдеге қол жеткізді - Yvision.kz