Мазмұнға өту

Жаңа

Жалағаш тұрғындары учаскелік полиция инспекторының жұмысына баға берді

Халықпен өзара іс-қимыл жасасуды және полиция қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың қараша айында Жалағаш ауданы Шаменов ауылында Әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Құланбаев Бостан Сағынәліұлының ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі өткізілді. Кездесуге Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімшесінің бастығы Өтегенов Әміржан Сермаханұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Әйелдер кеңесінің төрайымы, ауыл имамы және ауыл тұрғындары қатысып, ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы есебін тыңдады. Жалағаш ауданы учаскелік полиция инспекторы ауыл көлемінде қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, жеке азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған профилактикалық шаралар…

0
0
1216

Ауыр атлетикадан ӘЧ: Әйелдер арасындағы алғашқы алтынды қытайлық спортшы иеленді

Алматыда Ауыр Атлетикадан өтіп жатқан Әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақ категориясында әйелдер арасындағы сайыс аяқталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. Бұл салмақ бойынша, қытайлық спортшы Тянь Яюнь жұлқа көтеруде 85 келіні, серпе көтеруде 109 келіні (барлығы 194 келі) бағындырып, әлем чемпионы атанды. Екінші орынды, жұлқа көтеруден екі жаттығуды сәтті орындап, 189 келіні бағындырған Сибель Озкан иеленді. Таиландтық спортшы Панида Хамсри бірінші тапсырмада 81 келіні, екіншіде 108 келіні көтеріп, қоссайыстың нәтижесі бойынша қола жүлдені иеленді. Ал, осы салмақта Қазақстанның атынан шыққан Маргарита Елисеева жұлқа көтеруде үш мүмкіндігін де пайдалана алмады. Сайыстың ережесіне сәйкес, спортшы келесі сайысқа жіберілмеді. Автор: Гүлмира Ғосманәли Басты сөздер: Спорт , Алматы АЛ…

0
0
553

ХОККЕЙ НАҒЫЗ ЕРЛЕРДІҢ ОЙЫНЫ: «Барыстың» кішкентай ойыншылары

«Барыс» хоккей клубы жас Астананың символына айналғаны қашан. Бүгінде «Барыс» — мыңдаған жанкүйерлердің командасы ғана емес, барша Қазақстанның мақтанышы, бетке ұстары. Астана тұрғындары иығына өзінен үлкен спорттық сөмкені іліп, екінші қолына хоккей таяғын алып, «Қазақстан» спорт кешеніне бара жатқан жап-жас жеткіншектерге көзін үйреткені рас. Сондай сәттерде балақайларға көмектескің келетіні де анық, бірақ оның көзіндегі жанып тұрған отын көргенде, бойында сенімділік пен өз мақсаттарына деген бекемділігін сезгенде оларға көмектің қажетсіздігін түсінесің. Әрине, бұл біреуіне ермек болуы мүмкін, ал басқаға — өмірінің мәні, болашақ арманына жетудің бастапқы қадамдары. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі жас «Барыс» ойыншыларының жаттығуынан фоторепортаж ұсынады. Суреттегі кішкент…

0
0
2719

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері: Арли Чонтейдің нәтижесіне көңілім толады

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында алтыншы орынды қанағат тұтқан Арли Чонтейдің нәтижесіне байланысты түсініктеме берді, деп жазады sports.kz. «Біз үздіктердің алтылығынан көрінуді көздеген едік. Және өз міндетімізді орындадық. Кілең чемпиондардың арасынан орын алу қиын болды, бірақ мен оның осы нәтижесіне ризамын, дегенмен ол көтерген келілерге ренжіп те отырмын. 150 келіні екі рет талпынғанымен бағындыра алмады. Жас спортшы ғой, қобалжыған болар. Бірақ алда тағы жұмыс істейміз. Серпе көтеруі жаман емес, ал жұлқа көтеруді жақсарту керек», — деп баяндады Алексей Ни. Естеріңізге сала кетейік, Арли Чонтей серпе көтеруде төртінші орын алса (129 келі), жұлқа көтеруде тек 11-ші болды (145 келі). Ол екі жаттығуды есептегенде 274…

0
0
266

ФУТБОЛ: Бірінші лига командалары арасында ел чемпионаты мәреге жетті

Сенбі күні футболдан бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты мәреге жетіп, жеңімпаз, жүлдегерлер анықталды. Бір тур бұрын премьер-лига жолдамасын жеңіп алған Көкшетаудың «Оқжетпесі» өз алаңында жүлделі орыннан үміткер команданың бірі — Ақтаудың «Каспийін» ірі есеппен (4:1) ұтып, ұпай санын 64-ке жеткізіп, біріншілікке нүкте қойды. Ал елордада «Астана-1964» командасынан 3:1 есебімен басым түскен Шымкенттің «Қыраны» чемпионат қорытындысында 60 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Енді ол премьер-лигада 11-інші орын алған командамен жоғары топқа өту үшін күш сынасады. Үш команда — «Астана-1964», «Каспий» және Оралдың «Ақжайығы» бірдей ұпай (55) жинағанымен, жеңісі аз, тең ойыны көп батысқазақстандықтар бесінші орында қалып қойды. Оралдықтар соңғы турда Талдықорғанда жергілікті «Же…

0
0
1532

Жанат Жакиянов филиппиндік Роберто Лерионы екінші раундта нокаутқа түсірді

Жеңіл салмақтағы (53,5 келіге дейін) қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов кәсіби рингтегі өзінің 25-інші жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

30 жастағы Жанат Жақиянов 28 жастағы филиппиндік Роберто Лериомен кездесті. Бұл жекпе-жек австралиялық Квинслендте өтті.

Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша жерлесіміз қыркүйек айында жеңіп алған WBC Eurasia Pacific Boxing Council титулын және EBU нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы атағын қорғап қалды.

Қазақстандық боксшының бұл 24 жеңісі (1 рет жеңілген). Ал Роберто Лерионың 21 жеңілісі, оның есебінде 16 жеңіс және 1 тең ойын бар.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
290

«АлматыЭнергоСбыт» мекемесінде Ашық есік күні өткізілді!

2014 жылғы 7 қараша күні «АлматыЭнергоСбыт» компаниясында электр энергиясын тұтынушыларға арналған Ашық есік күні өткізілді. Аталған шара аясында компания басшылығы мен энергетика саласы мамандарының қатысуымен видео-конференция ұйымдастырылды. Видео-конференция барысында Алматы энергокешенінің жауапты мамандарымен байланысқа Алматы қаласы және облысының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі аудандық бөлімшелері шықты. Бұл шалғайда орналасқан аудандар тұрғындары үшін өз сауалдарын компанияның басшылығына тікелей қоюына зор мүмкіндік берді. Тұтынушылардың сұрақтарына жауап берген «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Бас директоры Михаил Гамбургер: «Тұтынушылар өтініштерін ескере отырып, біз аудандық бөлімшелердің жұмысын 19:00-ге дейін ұзарттық. Әзірге үстіміздегі жыл аяғына дейін Іле ауданының кезекші ауысым…

0
0
586

Скульптура «Ғашықтар» символ новой любви и первых встреч

7 ноября 2014 года в сквере по Бульвару Мира состоялась презентация скульптурной композиции «Ғашықтар» («Влюбленные»). Эта скульптура – подарок Карагандинского государственного университета имени академика Е.А. Букетова карагандинцам в честь 80-летия родного города. Авторами скульптуры являются преподаватели кафедры изобразительного искусства и дизайна профессионально-художественного факультета КарГУ Жанат Комутов, Канат Кошкумбаев, Айнабек Курымбаев, Мадихан Калмаханов и Каныш Балабеков. Художественная идея монумента вынашивалась авторами несколько лет. Скульптурная композиция выполнена в традиционной сакской стилистике, с использованием элементов национального казахского орнамента. Общее сердце влюбленных означает жаркое и крепкое чувство, а три позолоченных колокольчика, расположенные…

0
1
1121

Ақмолалық Жасотандықтар «Серпін» бағдарламасы бойынша 150 жас қатысушыларды қарсы алды

Қыркүйек айында шырайлы Көкшетауға біздің мемлекетіміздің Оңтүстік өңірінен 150 жас 1 курс студентеттері Серпін бағдарламасымен келген болатын. Басты мақсаттардың ішінен Солтүстік пен Оңтүстіктің жастары тілді дамыту бойынша тәжірибе алмасу болып табылады. Қазан айында Ақмоланың  Жас Отан жастар қанатының белсенді жастары серпіндіктермен кездесу өткізді. Кездесу барысында түрлі ойлар айтылып, қызу пікір алмасу болды. Серпіндіктер жасотандықтардан қолдау көріп алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаруға мақсат қойды.

-1
0
1041