2015 жылы Геннадий Головкин өзінің сауда маркасын шығармақ
Талай сыннан сүрінбей өткен қазақстандық боксшының есімі кәсіби рингте көпшілікке танылды, деп жазады sports.kz. 2014 жылы Головкин 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жетті. Ол кәсіби рингте 31 кездесуге шығып, оның барлығында жеңімпаз атанған. «Бұл жеңістер - ұдайы жаттығулар, қатаң тәртіп, дұрыс режімнің сақталуы және алдына қойған мақсатты басты рөлге қоюдың жемісі», - дейді Головкин. Сонымен қатар өз командасы мен жанкүйерлерінің қолдау көрсетуі де оң әсер ететінін жеткізді. Жуырда көпшілікке GGG деп танылған боксшы Астанада жанкүйерлерімен кездесті. Онда алдағы жоспарымен және өзге де көптеген қызықты ақпаратпен бөлісті. Атақты боксшы ұлының оның жолын қуғанын қаламайды екен. Геннадий болашақта Қазақстанда кәсіби бокс академиясын ашуға және ірі бокс кеші аясында елорда…

