Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ESPN телеарнасы Головкин-Гил кездесуіндегі нокаутты жыл үздігі деп таныды

ESPN телеарнасы Владимир Кличконың орындауындағы Курбат Пулевтың нокаутын осы жылдағы үздігі деп атады. Сонымен бірге телеарнаның шолушылары көңіл аударарлық басқа да нокауттарды тізіп шықты. Солардың ішінен олар Геннадий Головкинің соққысынан кейін Дэниэл Гилдің жұдырықтасуға әл-дәрмені қалмағандығын атап көрсетті, деп хабарлады sports.kz.

«GGG нокаутқа жіберуді жақсы біледі. WBA/IBO-ның орташа салмақтағы чемпионы барлық белсенді титул иегерлерінің ішінде нокауттар жағынан ең жоғары пайызға (90,3 пайыз) ие. Гилді екінші раундта-ақ есеңгіреткен Головкин кездесуді үшінші раундта аяқтады. Ол Гилға есеп ашты, алайда соңғысының аяқтары өзіне бағынбады және рефери Майкл Ортега раундты 2 минуты 43 секундында тоқтату туралы шешім қабылдады», — деп жазады ESPN телеарнасының сайты.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
279

Осы тақырып бойынша

ESPN телеарнасы Головкин-Гил кездесуіндегі нокаутты жыл үздігі деп таныды - Yvision.kz