Тілге құрмет-елге құрмет

Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет.Тілсіз халықтың , елдің өмір сүруі мүмкін емес.Әлем таныған ел болуы үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.Тіл қастерлі де, қасиетті ұғым.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Ана тілін сүйген адам-туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз.Ал.бұлардың бәрі-адам баласы үшін қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын абзал,абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер-ана тілі.
1989ж 11 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» заңда «Тіл-халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген.Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында «Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады»деп жазылған.
Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.Сондықтан кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт –дәстүрін,ана тілін ерекше қорғайды.
Ана тілін дамыту, қорғау -өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп,туған анадай сүю.
Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Бесікте жатқанымда –ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.-деп С.Торайғыров жырлап өткен.
1997 жылдың 11 шілдеде « Тіл туралы» туралы жаңа Заң дүниеге келді.Онда қазақ тілі мемлекеттік тіл. Мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардыңбарлық саласында қолданылатын мемлекетті басқару, заң шығару, сот ісін жүргізужәне іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан- егеменді тәуелсіз ел.Қазақстанды дамыған өркениетті елдің қатарына енгізеті біздің болашағымыз-бүгінгі жастар.Олардың міндеті –елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу.Ол үшін әр жас өзінің тарихын жетік білу керек.Олай болса ана тіліне деген құрмет керек.Тілді құрметтеуді әркім өз отбасынан бастау кажет. «Тілсіз ұлт болмайды.Өз тілімізді сақтау, өз тіліңді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз» -деп Елбасымыз айтқандай тіліміздің мерейін көтеріп, асқақтату баршамыздың міндетіміз болып есептеледі.
