Мемлекеттік тілдің мерейі үстем
Елбасымыздың «...Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында, немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды», - деген сөзі бүгінгі күннің және келешектің нақты ұстанымы екендігі сөзсіз. Мемлекет басшысының тілге қатысты пікірлерін қазақстандықтар кеңінен қолдап, қуаттап отыр. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы да мемлекеттік тіл саясатын қолдай отырып, оны іс жүзіне асырудың нақты қадамдарын жасап келеді. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Бас директорының бұйрығымен бекітілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл ішінде әртүрлі іс-шаралар жүргізіліп отырады. Атап айтқанда, Фил…





