Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Астанада жаңа жылға орай мерекелік отшашу үш жерде өтеді

Биыл 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні елордада мерекелік отшашу үш жерде өтеді, деп хабарлады  astana.gov.kz.

Дәстүр бойынша Жаңа жылға орайластырылған салют Есіл өзенінің жағасында, «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанында, сонымен қатар Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болады. Астана қаласының әкімі бір уақытта үш ауданда отшашу ұйымдастыруды тапсырды.

Еске салайық, 31 желтоқсанда сағат 21:00-де қалалық әкімдік алдындағы алаңда Жаңа жылды қарсы алуға арналған мерекелік шара өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жарқын ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Белгілі әртістердің өнері көпшілікті тәнті етіп, мерекелік көңіл-күй сыйламақ.

Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!

 
0
0
719

Осы тақырып бойынша