Мазмұнға өту

Жаңа

А.В.Ткаченкоға қатысты әкімшілік іс бойынша баспасөз хабарламасы

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚРӘҚБК-нің 467 б. 3 б. бойынша жүргізуші А.В.Ткаченкоға қатысты көлік құралын мас күйінде жүргізген кезде «Рено Логан» автокөлігімен соқтығысып материалдық зиян келтіргені туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады. Қарастыру нәтижесі бойынша А.В. Ткаченкоға көлік құралын жүргізу құқығынан 5 (бес) жыл мерзіміне айыру жазасы белгіленген. Істі қарастыру барысында қалалық ІІБ ЖППБ штабының бастығы А.В. Ткаченко жеңіл деңгейде мас күйінде бола тұра, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес «Фольксваген Пассат» автокөлігін жүргізген және Петропавл қаласының Абай-Әуезов көшелерінде қозғалу барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бекітілген ережелерін, атап айтқанда Жол қозғалысы ережесінің 2.7.1;10.1;9.10 п. бұзып көл…

1
0
381

«Спорт» аталымында Данияр Елеусіновке «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы тапсырылды

Бүгін Астанада «Спорт» аталымында Данияр Елеусіновке «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы тапсырылды. «2014 жылдың соңғы күндерінде біз ҚР Үкіметінің жастарға арналған мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаттарын анықтап, оларға бүгін сыйлық тапсырудамыз. «Дарын» сыйлығы бүгінде еліміздің жастары мен халықтың арасында көзге түсіп, түрлі салаларда жақсы көрсеткіштерге жеткендерге тапсырылатыны белгілі. Сыйлық 10 аталым бойынша белгіленді. Осы марапат біздің мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың жолында үлкен үлес беретін, жастарға үлкен талап қоятын және оларға мүмкіндік беретін жағдай»,-деді ҚР Білім және білім вице-министрі Такир Балықбаев. Данияр Елеусінов XXX жазғы олимпиада ойындарының қатысушысы (Лондон 2012 ж.); Азия чемпионы (Иордания, 2003 ж.), Әлем чемпионы (Алматы қ.); Қазақста…

0
0
378

Құрметті Отандастар!

Мен барша қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын!

Жаңа 2015 жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр Қазақстан азаматы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

Құрметпен,

Комитет Төрағасы                                                                                                       Мәтішев А.

0
0
1164

Тереңөзектегі мектеп оқушыларымен кездесу

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Бас Прокурордың орынбасары Жақып Асанов Қызылорда облысы Сырдария ауданының орта мектептерінің үздік оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ж.Асанов дәріс оқып, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауының маңызды бағыттары туралы айтып берді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/terenozektegi-mektep-okushylarymen-kezdesu

0
0
741

Соттың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша конкурстың қорытындысы шықты

Бүгін Жоғарғы Сотта облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша 2014 жылға арналған республикалық байқау-конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Конкурс қорытындысы бойынша аудандық соттар арасында бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысының Семей қалалық соты, екінші орынды – Қарағанды облысының Балқаш қалалық соты иеленді, ал Маңғыстау облысының Ақтау қалалық соты мен Ақмола облысының Бұланды аудандық соты үшінші орынды өзара бөлісті. Облыстық және оған теңестірілген соттардың арасында бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облыстық соты, екінші орынды Жамбыл облыстық соты, үшінші орынды Павлодар облыстық соты иеленді. Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәми іс-шараны аша отырып, республика соттары жыл бойы өз жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту бойы…

1
0
453

Кассациялық сот алқасының «онлайн» режимінде өткен сот отырысы

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотының тарихында алғаш рет кассациялық сот алқасының отырысында қылмыстық іс бейнеконференц байланыс арқылы қаралды. Азаматтық өкілдердің шағымы бойынша кассациялық сот алқасына ҚР ҚК 125б. 2б. «в»т., 96б. 2б. «к»т., 58б. 4б. көзделген қылмыстарды жасағаны үшін қатаң режимдегі түзету колониясында жазасын өтеумен 15 (он бес) жыл бас бостандығынан айыру тағайындалған Т.А.Үмбетовқа, ҚР ҚК 28б. 5б., 125б. 2б. «в»т., 363б., 58б. 3б. жасағаны үшін жалпы режимдегі түзету колониясында жазасын өтеумен әрқайсысына 8 (сегіз) жыл бас бостандығынан айыру тағайындалған Е.С.Серікбай пен М.К.Алдамасовқа қатысты қылмыстық іс қарау үшін келіп түсті. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы Шуақ ауылында орналасқан «ОВ-156/17 мекемесі» РММ-нде жазасын өтеп жатқан Е.С.Серікб…

1
0
461

Ерсін Әміре әлеуметтік желілерде Құранды жатқа білетін қари ретінде танылған

Ерсіннің карилығы туралы әңгіме қозғамас бұрын, Құранды жатқа білетін адамға берілетін бұл атаққа қойылатын талаптарға назар аударайық. Ең алдымен, қари адам ел арасындағы кикілжіңдерге араласпай, өзін олардан алшақ ұстап, Құран үйретумен ғана айналысу керек. Бұл туралы Ан-Науауидің «Әдеб Хамалятиль Құран» атты кітабында айтылған. Қазақстанның қай бұрышында шу шықса, мәртебелі Ерсін Әміренің аты қатар жүретін болды. Хабашиттер сектасымен байланысы, Оқтам Зауырбековпен сөз таластырып, мұсылмандар қауымының екіге бөлінуіне себепкер болуы. Шииттердің араб уағызшыларына жарнама жасауы, Атыраудағы былыққа қатысып, үлкен мінбардан сөйлеген соң, оған көпқұдайшылық пен сектаға қатысы бар деген айыптың тағылуы, Бальхи (ханафит), Дарими, Харауи және т.б. сүннет ғалымдарына күйе жағуы, матруди ғалым…

0
1
3381

Волейболшы Сәбина Алтынбекова Гонконгта жанкүйерлерімен кездесті

Волейболшы Сәбина Алтынбекова Гонконгта

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова Жаңа жылды алғаш рет туған қаласы — Ақтөбеден тыс жерде мерекелейді.

Қазақстандық спортшы Гонконгқа келіп жетті, бұл жерде оны жүздеген жанкүйері қарсы алды, деп хабарлайды vesti.kz.

Жанкүйерлерімен кездесу кезінде бойжеткен күткізгені үшін кешірім сұрады: ол келіп жеткен ұшақтың рейсі кешігіп қонды. Олай болғанымен, бұл спортшының жанкүйерлерінің көңіл күйін бұзған жоқ. Алтынбекова да оларды сүйетінін айтып, көбімен суретке түсіп үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, Сәбина Алтынбекова Гонконгқа жергілікті волейбол құрамасымен тәжірибе алмасу мақсатында келді. 2014 жылдың «ғаламтор сенсациясы» деп аталып кеткен бұл бойжеткен сондай-ақ жергілікті танымал адамдармен де кездеседі.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
227

ҚР Ұлттық экономика министрі кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мақсатында 2015 жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында тексеру жүргізу тәртібін айқындайтын бұйрыққа қол қойды.

Бұйрықта 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта кәсіпкерлік субъектілерді жоспарлы түрде тексеруден босату көзделген. Кәсіпкерлік субъектілерге жатпайтын объектілерді тексеру жоспарлы түрде жүргізілетін болады. Негізінен бұл – мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік объектілер. Жоспарлы тексерулерден басқа: - өтініштер (арыздар) бойынша; - инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуалдың асқынуы кезінде; - бұрын берілген ұйғарымдарды тексеру бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады. Мұндай жағдайда жоспардан тыс тексерулер сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерге де қатысты болады. Бұдан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары рұқсат беру құжаттарын (объектілерге, жобаларға, өнімдерге, көрсетілетін қызметтерге берілетін санитариялық-эпидемиолог…

0
0
293

Үржар аудандық сотының жаңадан салынған ғимаратының ашылу салтанаты өтті

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Абай Рахметулин Үржар аудандық сотының жаңадан салынған ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.

http://sud.gov.kz/kaz/news/urzhar-audandyk-sotynyn-zhanadan-salyngan-gimaratynyn-ashylu-saltanaty-otti

0
0
721