2015 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініңТұтынушылардың құқықтарын қорғаукомитеті 2015 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды. Эпидемиологиялық маусымның басынан (2014 жылғы 1 қазаннан) бері шамамен 240 859 ЖРВИ жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (71%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмаумен сырқаттану 43 жағдайы тіркелді. 2015 жылғы 12 қаңтарда Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы, Астана қаласында тұмаудың А1, А3 және В вирус айналымы белгіленді. Тұмауға қарсы республика бойынша барлығы 1 633 423 адам егілді (республика халқының жалпы санының 9,4%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі 446 028 бала және 1 187 395 ересек тұрғындар (оның ішінд…